Референдум • 15 Наурыз, 2026
«Тосын қошемет»: Ақмола облысындағы учаскелерде ерекше акция өтіп жатыр
Өңірдегі сайлау учаскелерінде «Тосын қошемет» деп аталатын әдеттен тыс акция өтіп жатыр. Оның басты мақсаты − дауыс беруге келген адамдардың көңіл-күйін көтеру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Ақмола облысының тұрғыны туған күнінде дауыс берді
Державинск қаласындағы №482 референдум учаскесіне келген Наталья Нағашыбекованың бүгін туған күні екен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Өнерлі отбасы ел болашағы үшін дауыс берді
Жарқайың ауданының жұртшылығы дарынды отбасы Есмұрзаевтар әулетін жақсы біледі. Жерлестерін әдемі ән-күймен әлдилеп, шаттық сыйлап жүрген әулет бүгін дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Ақмола облысында қарт жауынгер де өз таңдауын жасады
Ақмола облысы Қосшы қаласының №750 референдум учаскесінде Ұлы Отан соғысының ардагері Әжітаев Нұрқасым өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Референдум учаскесіне келген ертегі кейіпкерлері ел назарын аударды
Облыс орталығындағы «Достар» мәдениет үйінде өзгеше көрініс ел назарын аударды. Ертегі кейіпкерлерінің киімін киген кәсіби аниматорлар дауыс беруге келіпті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қаңтар, 2026
Көкшетаулық студент энергия өндіретін велотренажер ойлап тапты
Телефоныңызды қуаттауды ұмытып кетсеңіз, енді спортпен шұғылдануға тура келеді. Көкшетаудың саябақтары мен Бурабай, Зеренді курортты аймақтарына энергия өндіретін, яғни телефон қуаттайтын велотренажерлар қойылмақ. Бұл жобаны Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенті бір жыл ішінде жасап шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қаңтар, 2026
Сібір елігін атқандар темір торға тоғытылды
Ақмола облысының үш тұрғыны заңсыз ау аулағаны үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қаңтар, 2026
Астрахандағы қарақшылық: Мәслихат төрағасының үйін кімдер тонаған?
Астрахан аудандық мәслихаты төрағасының үйін тонамақ болғандар әділ жазасын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 28 Қаңтар, 2026
Есірткі жасырған күдікті тұзаққа түсті
Атбасар аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция басқармасы патрульдік полиция взводының қызметкерлері жедел әрекет ету барысында мінез-құлқы күдік тудырған ер адамды ұстады. Бұрын да бірнеше рет тәртіп сақшыларының назарына іліккен азаматты тексеру барысында оның заңсыз әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2026
Ақмола облысында өндірісте жарақат алған жұмысшыға 3 млн теңге өтемақы өндірілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың еңбек ету барысында қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Осы бағыттағы тапсырмалардың нақты көрінісі сот тәжірибесінде де айқын байқалып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.