Коронавирус • 15 Тамыз, 2021
Отандық вакцина туралы ғылыми мақала халықаралық журналда жарияланды
Қазір қолданысқа енгізіліп үлгерген COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцина туралы көптен күткен ғылыми мақала халықаралық EClinicalMedicine журналына шықты. Бірнеше әзірлеуші ғалым бірігіп жазған еңбекте нарықта QazVac, ғылым әлемінде QazCovid-in атауына ие болған отандық өнімін клиникалық зерттеудің 1-2-фазасының нәтижелері баяндалған.
Білім • 11 Тамыз, 2021
Жаңа оқу жылында – жаңа «Әліппе»
Бұған дейін бас басылымда мектеп табалдырығын аттаған балдырғандардың «Әліппемен» қайта қауышатынын жазып, сүйіншілегенбіз. Сол қуанышты күннің туатын сәті жақындап келеді.
Білім • 09 Тамыз, 2021
ҰБТ-2021: Талапты бұзған талапкерлер гранттан қағылды
Бүгінде жоғары білім алудан үміттілер ұлттық бірыңғай тестілеуді бұрынғыдай жылына бір-ақ рет емес, төрт рет тапсыра алады. Бұл олардың оқуға түсу мүмкіндігін кеңейтетіні сөзсіз. Осыған қарамастан талапкерлер арасында талап бұзу тыйылмай тұр.
Білім • 05 Тамыз, 2021
Жаңа оқу жылы: Дәстүрлі форматқа дайынбыз ба?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылар мен студенттерді дәстүрлі форматта оқытуға дайындықты қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осыған орай Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылына дайындыққа қатысты ұсынымдар әзірледі. Бүгінде өңірлерде ведомство әзірленген ұсынымдар бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Білім • 05 Тамыз, 2021
Тегін курс компьютерлік дағдыны дамытады
«Пандемия сабақтары» біраз мәселенің бетін ашып бергендей. Карантиннің кезінде көп педагог қашықтан оқытуға дайын болмады. Компьютерлік дағдыларды игермегеннің кесірінен қиындықтар туды. Осыған орай білім беретін қауымға жаңа курс тегін оқытыла бастады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Білім • 03 Тамыз, 2021
«Қазақстан мұғаліміне» – 1 млн доллар
Еліміздің ең үздік ұстазын анықтап, оны қолдау, педагог мәртебесін көтеру мақсатында байқау жарияланды. Жобаның жеңімпазына 1 млн доллар тұратын «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы тағайындалады.
Білім • 02 Тамыз, 2021
Грантты жұмыспен өтеуге не кедергі?
Мемлекет бакалавриатта, магистратурада, докторантурада түрлі бағдарламалар мен квоталар арқылы жыл сайын 100 мыңға жуық ізденушіні тегін оқытып, маман етіп даярлайды. Алайда кейбір маңызды салаларда әлі күнге маман тапшы. Өйткені көбі жай ғана грант үшін оқиды, ал бітірген соң оқыған мамандығымен жұмыс істемейді.
Білім • 28 Шілде, 2021
Оқулықтағы олқылық: Сын мен шын
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында еліміздегі оқулықтардың сапасы сын көтермейтінін айтқан еді. Президент аталған мәселені шешу үшін Үкіметке кітапты әзірлейтін азаматтардың жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан реттеп, сапасыз оқулық дайындағандарды жауапқа тартуды тапсырған болатын.
Білім • 22 Шілде, 2021
Ғылыми атақ беру қағидалары өзгертілді
Жақында «Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес енді шетелдерден жеңіл жолмен ғылыми атақ алып, оны елімізде оңай мойындатып жүргендерге тосқауыл қойылмақ. Сондай-ақ ғалымдардың ұсыныс-пікірлері де өзгертулер мен толықтырулар енгізуде ескерілген.
Ғылым • 15 Шілде, 2021
Әлеумет дегеніміз – түрлі көзқарастағы, әрқилы мәдениеттегі, бір-біріне ұқсамайтын діндегі, дәстүрдегі адамдар тобы. Осы адамдарды, олардың арасындағы қарым-қатынасты, содан туатын қоғамдық құбылыстарды әлеуметтік ғылымдар зерттейді. Әлбетте, бұл – бірнеше маңызды ғылым саласын қамтитын аса ауқымды ұғым.