Білім • 05 Қараша, 2021
Пән олимпиадаларының жеңімпаздары – әлемдік білім бәйгесіндегі жоғары көрсеткішіміз
Егемендікке жетіп, еңсе тіктеген тұста үнсіз атқарған іргелі істің бірі дәл сол ілім жиғандар мен қолда бар ғылымның жетістігін сақтап қалу жолындағы жанкештілік болса керек. Содан бері білімімен бәсекелесетін деңгейге жеткендейміз. Оған небір үздік білімдарларымыздың халықаралық пән олимпиадаларында оза шауып, бәйге алғаны дәлел бола алады. Еліміздің озат оқушылары азаттық алғаннан бері әлемдік білім бәйгелерінен Қазақстан қоржынына 404 медаль салған. Тәуелсіздік табысы деген осы емес пе?
Сұхбат • 04 Қараша, 2021
Ұлттық жоба «Білімді ұлт» қалыптастыруды көздейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобалар форматына көшуді тапсырған болатын. Осыған орай әр министрлік өз жобасын әзірледі. Мұның маңызы – келер 5 жылда сол саладағы даму жоспары мен нақты міндеттердің айқындалатынында. Соның ішінде кезекші әлеуметтік сала – Білім мен ғылымның алдағы бағыты қандай? Қай жолға бет алмақ? Дәл қайсы тұсын дамыту, жетілдіру қолға алынады? Осы сұрақтарға Білім және ғылым министрлігі жанындағы Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова жауап берді.
Білім • 03 Қараша, 2021
Магистратура мен докторантураға түсуге екінші мүмкіндік
Жаздыгүні жоғары оқу орнынан кейінгі білім алудан түрлі себеппен қалыс қалған талапкерлерге жаңа мүмкіндік туып тұр. Биыл алғаш рет магистратура мен докторантураға бір жылда екінші рет құжат тапсыруға болады. Кешенді тестілеуге құжат қабылдау 1 қарашада басталды.
Бизнес • 29 Қазан, 2021
Кәсіпкерлерге инвестор табуға мүмкіндік береді
«Болашақ» қауымдастығы жұмысын жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдамақ. Қолдауға ие болу үшін кез келген Қазақстан азаматы қауымдастық жариялаған республикалық бизнес-жобалар байқауының бесінші маусымына қатысып, жұмысын ұсынуы керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтылды.
Тарих • 27 Қазан, 2021
IX-XI ғасырлардағы Қимақ қорымдары табылды
Отандық ғалымдар IX-XI ғасырлардағы қорымды тапты. Құнды қорым Павлодар облысы Байдала ауылының маңынан жүргізілген археологиялық жұмыстар барысында табылған. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.
Білім • 25 Қазан, 2021
Оқу дәстүрлі форматта жалғасады
Биыл барлық білім беру ұйымында оқыту негізінен дәстүрлі форматта басталды. Санитарлық талаптар сақталып, штаттық режімдегі оқыту бұдан былай да жалғасады. Дегенмен арасында ата-анасының өтінішімен аралас форматта білім алып жүрген оқушылар да бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Білім • 25 Қазан, 2021
Білімдіні қолдау – болашақты ойлау
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында халықаралық білім бәйгелерінен жүлде алған озат оқушыларға бір реттік ақшалай сыйақы беруді, гранттар тағайындауды тапсырған еді. Мәселе қалай шешімін таппақ? Ақшалай сыйақының көлемі қанша? Грант қандай оқу орнынан беріледі?
Білім • 22 Қазан, 2021
«Цифрлы сауаттылық» пәні оқытылады
Алдағы жаңа 2022 жылдың қаңтар айынан бастап бірінші сынып оқушыларына жаңа пән оқытылады. Білім және ғылым министрлігінің дерегіне сүйенсек, бұл балалардың цифрлы сауатын ашу мақсатында оқу бағдарламасына енгізілген.
Білім • 22 Қазан, 2021
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобалар форматына көшу жүзеге асырылды. Осыған орай Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын таныстырды.
Қазақстан • 21 Қазан, 2021
Студенттердің өнертабыстары халықаралық деңгейде танылды
Жердің кіші жасанды спутниктерінің инновациялық конструкторларын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары ойлап тапты. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады. Құрылғы оқушылар мен студенттерді ғарыштық аппаратты жобалау және құрастыру негіздеріне үйретуге арналған. Жабдық мемлекеттік тілде бағдарламалық қамтамасыз етумен және қажетті әдістемелік материалдармен жарақталған. Еске сала кетейік, бұған дейін Илон Маск компаниясы ЖОО ғалымдары әзірлеген Al-Farabi -2 наноспутнигін іске қосқан болатын.