Білім • 19 Қазан, 2021
Ел ертеңіне керек кадрлар даярлана ма?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында білім мен ғылым саласы әрдайым қоғамның алдында жүруі керек екенін айтты. Барлық салаға маман даярлайтын білім беру жүйесі өзгеден көш ілгері болуы үшін әрдайым болашақты алдын ала болжап, алда қандай маманның тапшы немесе сұраныста болатынын бағамдай білуі тиіс. Жақында Білім және ғылым министрлігі отандық жоғары оқу орындарында 300-ден аса жаңа білім беру бағдарламасы енгізілгенін хабарлады. Демек осыншама жаңа мамандыққа жол ашылды деген сөз. Бұл қандай мамандықтар? Шынында да елдің ертеңіне керек кадрлар даярлана ма?
Қазақстан • 13 Қазан, 2021
Әлем мойындаған қазақ ғалымдары
Ел егемендігінің 30 жылдығында отандық ғылымның әлеуеті артты. Мұның бір дәлелі – елімізден шыққан ғалымдарды халықаралық беделді ұйымдар мен шетелдік мықты мамандардың мойындауы. Біз өзіміз біле бермейтін, бірақ әлем зерттеушілері еңбегін жоғары бағалаған ғалымдарымыз жетерлік. Осы орайда тәуелсіздік табыстарының бірі ретінде өз саласында әлемдік деңгейде танылған бірқатар ғылым өкілі туралы, олардың ғылыми жолы мен еңбектері жайлы жазуды жөн көрдік.
Білім • 19 Қыркүйек, 2021
Миллион оқушыға мектептен орын таба аламыз ба?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында жолдаған Жолдауында мектептердегі орын тапшылығы мәселесін көтерді. Осыған қатысты шұғыл шара қабылданбаса, 2025 жылға қарай 1 млн оқушы орын таппай қалуы мүмкін.
Білім • 14 Қыркүйек, 2021
Әлеуетін немістер бағалаған ғалым
Әмина Мирсакиева қазір Германиядағы Carl Zeiss ірі индустриялық компаниясында жұмыс істейді. Ол – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, теориялық физик, ғылымды насихаттаушы.
Президент • 13 Қыркүйек, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында ғылым саласындағы түйткілдердің түйінін тарқату үшін «Ғылым туралы» заңға өзгерістер енгізуді тапсырды. Ғылым саласы даму үшін заңға қандай өзгерістер енгізу керек? Бұған қоса Президент жетекші ғалымдарымызға тұрақты және өз еңбегіне лайықты жалақы төлеу мәселесін шешуді міндеттеді. Жауапты ведомство мұны қалай орындамақ? Сондай-ақ Жолдауда ғылым саласын гранттық қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту мәселесін қарастырған жөн екені айтылды. Оның ғалымдарға, ғылымға қандай пайдасы бар?
Білім • 01 Қыркүйек, 2021
Білім күнін оқу ордасында қарсы алды
Бір жарым жылдық қашықтан оқытудан кейін білім алушылар оқу ордасына барды. Көптен күткен Білім күнін барша оқушы мен студенттер білім беру ұйымында қарсы алды. Биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған балдырғандар бірінші кітабы – «Әліппені» салтанатты түрде қолға алды.
Білім • 31 Тамыз, 2021
Жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта басталады
Пандемия көп нәрсеге көзімізді жеткізді. Соның ішінде білім алушыларға оқу ордасының орны, ұстаздардың рөлі қаншалықты маңызды екенін ұғындық. Карантин кезіндегі қашықтан оқыту білім сапасының төмендеуіне әсер етті. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке биылғы оқу жылын дәстүрлі форматта бастауды тапсырды.
Білім • 27 Тамыз, 2021
Ғалымдар екі аталым бойынша грант иелене алады
Қазір «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына үміткерлерден өтінімдер қабылданып жатыр. Журналистік сауалдамадан біршама ғалымның дәл осы грантты олардың да алуына болатынынан бейхабар екенін білдік. Сонымен бұл қандай конкурс, оған ғалымдар мен зерттеушілер қалай қатыса алады?
Білім • 23 Тамыз, 2021
Жалақы өсті, мұғалім біліктілігі арта ма?
Бас басылымға базынасын айтып, араша сұрайтындар болады. Қайбір жылы редакциямызға сондай ниеттегі бір педагог іздеп келіпті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі жазған айыптауға толы арызды оқығанда оның оқушыларын аяп кеттік. Себебі 2,5 беттік жазбада лексикалық жағын былай қойғанда, грамматикалық, пунктуациялық қателері көзге ұрып тұрған еді.
Білім • 19 Тамыз, 2021
Пандемиядан алған «сабақтарды» ұмытпау керек
Балаларды ерте дамыту институты құрылады. Оқу жылы дәстүрлі форматта басталады. Мектеп директорларына жалақы төлеу жүйесі өзгереді. Қосымша білім беруге мемлекеттен қарастырылған қаржы мекемеге емес, балаға бөлінеді. Колледждер студенттердің оқу-өндірісінде дайындаған өнімдерін сатылымға шығаратын заңды құқыққа ие болады.