Taza.kz
Баян СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ
Баян СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1322 материал табылды

Білім • 24 Ақпан, 2026

Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?

Қазақстанда оқушылардың сабақ кезінде ұялы телефон пайдалануына заң жүзінде шектеу қойылған. Бұл норма 2024 жылы «Білім туралы» заңға енгізіліп, 2026 жылдың ақпан айына дейін елдегі барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек • 24 Ақпан, 2026

2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?

Алдағы он жылда Қазақстанның еңбек нарығы ауқымды кадр тапшылығына тап болуы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жасаған орта мерзімді болжамға сәйкес, 2035 жылға қарай ел экономикасына шамамен 2,9 млн қызметкер қажет болады. Бұл – бір сәттік сұраныс емес, алдағы онжылдықтағы жинақталған қажеттілік, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем • 24 Ақпан, 2026

АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін

АҚШ президенті Дональд Трамп федералдық агенттіктерге, соның ішінде Қорғаныс министрлігіне, белгісіз ұшатын нысандар (НЛО) мен жерден тыс өмірге қатысты үкіметтік құжаттарды анықтап, жариялау процесін бастауды тапсырғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Үкімет • 24 Ақпан, 2026

Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді

Көктемгі егін егу жұмыстарын сапалы жүргізу үшін Үкімет диқандарға арнап дизель отынының бағасын нарықтық бағадан 15%-ға төмен етіп бекітті. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Теннис • 24 Ақпан, 2026

Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді

Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет бірден төрт спортшы әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді. Бұл – отандық теннис мектебінің тұрақты дамуы мен спортты жүйелі түрде қолдаудың нақты нәтижесі, деп жазады Egemen.kz.

Жемқорлық • 24 Ақпан, 2026

152 млн теңге залал: Көкшетауда қазынаға қол салған кәсіпкерлердің мүлкі мемлекетке қайтарылды

Көкшетауда сүт және оны қайта өңдеу өнімдерінің өзіндік құнын арзандатуға арналған мемлекеттік субсидияларды заңсыз иемдену дерегі бойынша сот үкімі жарияланды. Айыпталушыларға 152 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем • 24 Ақпан, 2026

Жоғарғы сот шешімі: Трамп енгізген импорттық тарифтер заңсыз деп танылды

24 ақпанда АҚШ-тың Кеден және шекара қызметі Ақ үй әкімшілігі енгізген импорттық баж салығын алуды ресми түрде тоқтатады. Бұған дейін АҚШ Жоғарғы соты бұл тарифтерді заңсыз деп таныған еді. Алымдарды тоқтату шығыс уақыты бойынша сағат 00:01-ден бастап күшіне енеді. Кеден қызметі тасымалдаушыларды ішкі хабар алмасу жүйесі арқылы ескертіп, IEEPA заңы аясында Трамптың жарлықтарына байланысты енгізілген барлық тарифтік кодтар өшірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауа райы • 24 Ақпан, 2026

Бүгін елімізде қай жолдар жабық тұр?

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жағдай туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем • 23 Ақпан, 2026

Антарктика суларында алғаш рет акула табылды

Ғалымдар алғаш рет Антарктика маңындағы мұзды суларынан акуланы тапты. Бұған дейін бұл аймақта акулалар кездеспейді деген пікір басым болған. Алайда теңіз түбіне орнатылған камералар шамамен 500 метр тереңдікте баяу қозғалатын ірі жыртқышты түсіріп алған, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан • 23 Ақпан, 2026

Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін

Алматы мен Астанада, сондай-ақ Ақмола облысы аумағында жүргізушісіз такси жобасын пилоттық форматта іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады. Министрлік өкілдерінің айтуынша, бастама қалалық мобильдік пен логистика саласын жаңғыртуға бағытталған. Ұзақ мерзімді перспективада жоба цифрлық экономиканың жаңа бағытын қалыптастырып, бюджет кірісін арттыруы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика