Айбын • 25 Желтоқсан, 2025
Сарбаз – әскери форма киген, саптағы жауынгер. Ал Ұлттық ұланның сарбазы – мұнымен қоса асқақ арманы, қайсар мінезі бар, Отанға деген сүйіспеншілігін іспен көрсетуге тырысатын қабілет иесі.
Партия • 25 Желтоқсан, 2025
Еліміз бір палаталы Парламентке көшкен жағдайда депутаттар партиялық тізім бойынша сайланған жөн деп есептейді сарапшылар. Өйткені бұл жүйе кішігірім елдерде немесе унитарлы мемлекеттерде жиі кездеседі. Ал халықтың елдегі саяси партияларға деген көзқарасы мен сенімі қандай? Жалпы партияларды біле ме? Еуразиялық интеграция институтының жүргізген зерттеуіне сәйкес, ел тұрғындарының басым бөлігі «Amanat» партиясын атаған.
Сенат • 23 Желтоқсан, 2025
Цифрлық және Құрылыс кодекстері қаралады
Сенаторлар 25 желтоқсан күні еліміздің цифрлық кеңістігін қорғауды арттырып, технологиялық тәуелсіздікті нығайта түсетін заңдарды қарайды. Бұл туралы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев бюро отырысында мәлімдеді.
Саясат • 23 Желтоқсан, 2025
Еуразиялық экономикалық одақ: Жаңа міндеттер мен мүмкіндіктер
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты.
Саясат • 20 Желтоқсан, 2025
Ұлыбритания елшісімен кездесті
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Салли Джейн Аксуорсимен кездесті.
Саясат • 19 Желтоқсан, 2025
Депутаттар бастамашы болған бірқатар заң мақұлданды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палатаның кезекті отырысы өтті. Онда сенаторлар 9 заңды қарап, мақұлдады. Сондай-ақ депутаттар Үкіметке ауылдық аумақтарды дамыту, ұлттық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру мәселелеріне қатысты сауалдарын жолдап, оған Премьер-министрдің орынбасары жауап берді.
Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2025
Әлемдік мәртебе: сенім мен серіктестік
Кез келген елдің тәуелсіздігі халықаралық деңгейде мойындалғаны аса маңызды. Өйткені әлемдік қоғамдастық трансшекаралық кепілдік бермей мемлекет құру, экономикалық реформа жүргізу, әлеуметтік даму мүмкін емес. Еліміз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін оны дүние жүзіндегі көптеген мемлекет халықаралық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі ретінде қабылдады. 120-дан аса ел Қазақстанның тәуелсіздігін ресми түрде мойындап, дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
Үкімет • 15 Желтоқсан, 2025
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен бюро өтіп, 18 желтоқсандағы Сенат отырысының күн тәртібін белгіледі.
Мәселе • 13 Желтоқсан, 2025
Ветеринария саласы сын көтермейді
Елімізде қазір ветеринария саласы ақсап тұр. Сенатта өткен Үкімет сағатында депутаттар маман жетіспеушілігі мен бірыңғай цифрлық базаның болмауы бұл салаға жүйелі қауіп туғызып отырғанын айтты.
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2025
Былтыр еліміз орта держава атанды. Әлемдік саяси ұйымдардың зерттеулерінде Орталық Азиядағы алғашқы ірі, ықпалды, тәуелсіз, экономикалық көрсеткіші жоғары жалғыз мемлекет ретінде танылды. Сарапшылар биыл да Қазақстан осы мәртебесін тиісті дәрежеде атқарып отырғанын айтады. Бұл – әрине, отыз жылдан аса уақыт бұрын құрылған тәуелсіз елдің айтулы жетістігі. Еліміз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында күрделі геосаяси жағдай мен шектеулі экономикалық мүмкіндіктер секілді көптеген сын-қатермен бетпе-бет келді. Жаңа республика өте қиын әлеуметтік-демографиялық жағдайға тап болды. Қазақ мемлекеті осының барлығын еңсеріп, бүгінде орта держава атанып отыр.