Мектеп • 03 Ақпан, 2026
Тозығы жеткен мектептер жөнделеді
Мемлекет тарапынан ағартушы салаға айрықша қолдау көрсетіліп, қомақты қаражат бөлінгеніне қарамастан, Жамбыл облысында әлі күнге дейін 1 апатты және 11 тозығы жеткен, 17 оқушы орны тапшылығы бар білім ордасы тіркелген. Тоз-тозы шыққан білім ордасы шалғайдағы Мойынқұм ауданына қарасты Күшаман ауылында орналасқан.
Футбол • 30 Қаңтар, 2026
«Тараз» премьер-лигаға қашан оралады?
«Тараз» футбол клубының жанкүйерлері бүгінде «Даңқың қайда төске өрлеген?» деп күмілжіп жүр. Күмілжитін жөні де бар. Кезінде дүрілдеген Жамбыл футболы туралы әңгіме қазір күбірлеп айтылады. Өйткені кейінгі бірнеше жылдың бедерінде талай талантты түлеткен «Тараз» футбол клубы ілініп-салынып бірінші лигада жүр...
Талбесік • 28 Қаңтар, 2026
Тарихы мыңжылдықтармен сабақтасып жатқан Әулиеата өңірінде қойнауына сыр бүккен киелі жерлер жеткілікті. Қарбаласқа толы күнделікті күйкі тірліктен жабыққан жұрт тау самалына кекілін таратып, таза ауада тыныққысы келеді. Асқақ Алатаудың баурайында дем басқан жұрт әредік Берікқара қорығына да ат басын бұрады. Мұндағы көз де, көңіл де тояттайтын тамаша пейзаж адам жанын жадыратады. Төңіректі тұтас жаулаған сұлулыққа көз суарып, бір жасап қаласың.
Білім • 28 Қаңтар, 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында біршама уақыт бұрын Тараз қаласына қарасты Шөлдала тұрғын алабында жаңа мектеп пайдалануға берілді. 600 орындық білім ұясы заманауи құрал-жабдықпен толықтай қамтылған.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Жақында «Меркіде кәмелет жасына толмаған спортшылар астан уланды» деген ақпарат тарады. Балалар расында астан уланды ма, басқа себебі бар ма, тиісті мамандар зерттеп жатыр.
Білім • 21 Қаңтар, 2026
Таразда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып түлектері жасанды интеллект бағыты бойынша өткен халықаралық олимпиадада үздіктер қатарынан көрінді. «Fizmat Al Olympiad» додасында топқа түскен жас таланттар үшінші тұғырға табан тіреді. Нұрасыл Серіков, Улугбек Османов, Исламнур Хусаинов бастаған оқушылар тынымсыз ізденістің арқасында осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр.
Өндіріс • 21 Қаңтар, 2026
Заманауи әйнек өндіретін зауыт
Елімізде шыны өнеркәсібін дамытуға айрықша көңіл бөлініп отыр. Құрылыс қарқыны мен инфрақұрылым жобаларының көбеюі, қайта өңдеу мәдениетінің орнығуы шыныға деген сұранысты өсіріп, осы саланың маңызын айқындай түсті. Кейінгі жылдары ішкі нарықта заманауи әйнек өндіретін өндіріс орындары көптеп ашыла бастады. Сондай бір жоба Әулиеата жерінде қолға алынды.
Ән • 16 Қаңтар, 2026
«Құс едің ғой, кең далаға бауыр басқан...»
Адам жаны тыныштықтан жай табатыны бар. Төңіректе мүлгіген тыныштық орнағанда кісі санасында сан түрлі ой салтанат құрады. Терең ойдың түбін таба алмай тұңғиыққа батасың. Айналаға көз тастап, әудем жерде қанатын сермеп ұшқан құстарға қарайлайсың. Тіршілік қамытын олар да мойнына іліп алғандай көрінеді. Жанұшыра ұшқан құстардың даусы да, тізбегі де керемет көріністі көз алдыңа әкеледі. Көкжиек төсін шарлай ұшқан олардың әрбір қимылы сан түрлі суретке толы ма деп топшылайсың.
Руханият • 07 Қаңтар, 2026
Өлең өлкесінде өзіне тән өрнек салған әр ақынның қилы-қилы тағдыры бар. Тәңір тарту еткен талантымен дараланған ақындардың біразының талқаны ерте таусылған. Әрине, әркімнің өз әлемі, өз әуені мен өз мұңы болатыны ақиқат. Кез келген мықты ақынның ойды образға орап беретін шұрайлы шумақтары жан тебірентпей қоймайды.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2026
Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар кітапханасы мен айтыскер ақындар, жыршы-термешілер одағының ұйымдастыруымен жас ақын Санжар Қанатбектің «Жарық дүние» атты жыр жинағының таныстырылымы өтті. Жас таланттың шығармашылығын жергілікті оқырмандар арасында кеңінен насихаттауды мақсат еткен іс-шарада ақынның жаңа жинағының брайль қарпіндегі нұсқасы мен аудиотаспасы жиналған көпшілікке таныстырылды.