Аймақтар • 19 Наурыз, 2026
Жамбылда облысында ең ірі ЖЭС салынып жатыр
Жамбыл өңірінде жалпы қуаты 1 ГВт болатын жел электр стансасының құрылысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2026
Жамбылда 770 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Жамбыл өңірінде тұрғындарды баспанамен қамту жұмысы «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 19 Наурыз, 2026
Ебін тапқандар интернет дәуірінің игілігін көріп жатыр. Сан түрлі әлеуметтік желіден бастап, қандай да бір затқа тапсырыс рәсімдеу, ақша аудару секілді көптеген жұмыс дәл осы ғаламтор арқылы жүзеге асатыны баршаға белгілі. Әйтсе де мұның қарапайым халық үшін пайдасымен қатар зияны да бар. Алаяқтықтың түрлі жолымен жұрттың қалтасын қағып жүргендер әлі де азаяр емес.
Өндіріс • 18 Наурыз, 2026
Жүгеріні қалдықсыз өңдейтін кәсіпорын
Елімізде өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін 70 пайызға жеткізу межесі қойылғаны белгілі. Мемлекет басшысының осы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында өңірде ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Жамбылдық атқамінерлер жүгеріні тереңдетіп өңдеу саласына айрықша басымдық беріп отыр. Шу ауданында салынып жатқан жаңа кәсіпорында алдағы уақытта мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады. Компания басшылығы жұмысшылардың 90 пайызын жергілікті азаматтар құрайтынына сендірді.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Жұдырықтай жұмылған жамбылдықтар
Ел аумағында өткен жалпыхалықтық референдумға жамбылдық жамағат та жұмылған жұдырықтай қатысып, белсенділік танытты. Өңірде 523 референдум учаскесі жұмыс істеді. Аймақта 726 мыңнан астам адам таңдау құқығына ие болса, олардың басым бөлігі саяси науқанға қатысты.
Аймақтар • 15 Наурыз, 2026
Таразда референдум аясында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды
Таразда республикалық референдум аясында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі «Жастар аллеясы» алаңы мен Алатау шағын ауданында қатар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Наурыз, 2026
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өз таңдауын жасады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараздағы №35 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 11 Наурыз, 2026
Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес тоқтамайтынын атап өткені мәлім. Соның арқасында елімізде нәзік жандар мен жасөспірімдердің құқығын қорғаудың озық жүйесі заңнамалық тұрғыда жетілдірілді. Өңірлерде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жұмысы айтарлықтай күшейді.
Кәсіпкер • 05 Наурыз, 2026
Тотықұс асырағанның ұпайы түгел
Тараз қаласының тұрғыны тропикалық тотықұстарды өсіріп, табыс көзіне айналдырып отыр. Былтыр қайтарымсыз грантқа қолы жеткен Нұржан Нұрмаханұлы құс шаруашылығын дамытуға айрықша ден қойып жүр. Өңірде алғаш боп тотықұс өсіруді қолға алған азаматтың жаңа қадамына қызығушылар аз емес.
Экономика • 04 Наурыз, 2026
Дотацияда отырған Жамбыл өңірінің арқа сүйері – ауыл шаруашылығы саласы. Жалпы алғанда өңірде асыраушы салада жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанына қарамастан, нәтижесі көңіл көншітпейтін әкімдер де баршылық. Бір-бір ауданды тізгіндеген басшылардың кейбір уәжі сыныққа – сылтаудай көрінетіні бар. Бұдан өзге салаларда да қайсыбір аудан әкімдері жұмысты әлі де ширатқаны жөн секілді. Нақтырақ айтсақ, Президент айрықша ден қойған инвестиция тарту, құрылыс саласында да олқылықтар байқалады.