Білім • 25 Қараша, 2025
Ғылыми тағылымдамаға жаңаша көзқарас керек
Бүгінде халықаралық «Болашақ» бағдарламасы еліміздің білім брендіне айналып үлгерді. Білім мен ғылымы дамыған елдің бәсі биікте болатынын озық елдердің тәжірибесі көрсетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» бағдарламасына жоғары баға беріп: «Бұл – Қазақстанның әр түкпіріндегі дарынды жастарға жол ашқан теңдессіз бағдарламаның мерейлі белесі. Осы бірегей жоба мемлекетімізде озық ойлы әрі білікті кадрлар резервін қалыптастыруға зор септігін тигізді. «Болашақ» бағдарламасының мыңдаған түлегі бүгінде түрлі саладағы оң өзгерістің жаршысы болып, еліміздің игілігі үшін табысты еңбек етіп жүр» деген еді.
Университет • 24 Қараша, 2025
Әйгілі Стэнфорд университетіне оқуға түсу – әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған жастың асқақ арманы. Бірақ сол арманына жетіп қана қоймай, ғылыми жұмыстарына елеулі көлемде қаржылай қолдау алу – үлкен жетістік. Шымкент тумасы Әсел Ибадулла осындай биік белесті бағындырып, жастарға жаңа өріс ашты. Ол – аты аңызға айналған Стэнфорд университетінің докторантурасына қабылданған тұңғыш қазақ қызы.
Руханият • 21 Қараша, 2025
Қадыр ақынның жары Салтанат апайдан көлемді сұхбат алып болған соң, қайтуға сыртқа беттеп бара жаттым. Кенет, «сен де бірдеңе жазатын баласың ғой, ә?» деген жылы дауыс естілді. Жымиып «иә» деп жауап бердім. «Онда бері келші, ағаңның жазу кабинетіне кел», деді де ішке қарай қайта шақырды.
Мәдениет • 18 Қараша, 2025
Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өткен іс-шарадан шыққан соң, құлағымда Құрманғазының «Адай» күйінің сарыны саңқылдап тұрды. Әлгінде ғана өзге ұлт балалары аталған күйді орындағанда саусақтарына, сосын домбыраның пернесіне үнсіз назар салып отырғаным рас. Бұрынғыдан басқаша, тіпті әуезді шерткенін де отырған жұрт байқады. Бұндай өнер көрсету үшін өнерпазда таза жүрек болуға тиіс.
Ғылым • 14 Қараша, 2025
Жаңалығын қарт құрлық бағалаған ғалымдар
Тәуелсіз елдің талантты ұл-қыздары бүгінде әлемнің әр қиырында білім алып, біліктілігін арттырып, қоғамға өз үлестерін қосудан жалыққан жоқ. Жақында Лондонда тұратын Сапар Жеңісұлымен жақын танысудың орайы келді. Әр сөзін салмақпен айтатын Сапар мырзаның сол кездесудегі айтқаны осы мақалаға жүк болды.
Сұхбат • 13 Қараша, 2025
«Америкалық оқушылар қазақ тіліне қызығады»
Бүгінде қазақ жастары әлемнің әр қиырына сапар шегіп, өз білімдері арқылы зор мүмкіндікке қол жеткізіп жатқаны көңілге қуаныш сыйлайды. Солардың бірі – Америкада мұғалім болып жұмыс істейтін Салтанат Сырлыбаева. Біз бүгін оқырманға талапты жас педагогтен алған шағын сұхбатымызды ұсынып отырмыз.
Мирас • 12 Қараша, 2025
Өзбекстан Республикасының Самарқан қаласында өткен ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясы аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры ұйымдастырған іс-шарада алғаш рет түркі өркениетінің тереңдігі мен ұлылығын бейнелейтін бірегей жобалардың тұсаукесері өтті.
Таным • 12 Қараша, 2025
Есет Көтібарұлы – Батыс зерттеуінде
Орталық Азияны зерттеуші ғалым, британ қаламгері Деметриус Чарльз Де Кавана Боулгердің (1853–1928) «Орталық Азия портреттері» атты 1880 жылы Лондонда жарық көрген зерттеу кітабында Досмұқамед ханнан Якоб ханға дейінгі аралықтағы Орталық Азия тұлғаларының өмірі мен деректері, олардың ұлт азаттық күресі жолындағы еңбектері нақты дәлелдермен жазылғанын аңдадық. Осы еңбекте автор қазақ батыры Есет Көтібарұлына бір тарау арнайды.
Әдебиет • 11 Қараша, 2025
2025 жылғы Букер сыйлығының иегері анықталды
Биыл әдебиетте венгр қаламгерлерінің бағы жанып тұр. Өткенде ғана алпауыт Нобель сыйлығын әдебиет саласы бойынша венгр жазушысы Ласло Краснахоркаи алған еді. Ал Британ-Венгр жазушысы Дэвид Салайдың «Flesh», қазақшалап айтсақ «Тән» атты романы 2025 жылғы ең беделді әдеби марапаттардың бірі – Букер сыйлығын жеңіп алды. Бұл туралы қазылар алқасының төрағасы, ирландиялық жазушы Родди Дойл жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 06 Қараша, 2025
ЮНЕСКО: Түркі мәдениеті және мұрасы қоры ұсынған жобалар түркі әлемінің мәдени байлығын көрсетті
2025 жылғы 4 қарашада Өзбекстан Республикасының Самарқан қаласында өткен ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясы аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры ұйымдастырған іс-шарада алғаш рет түркі өркениетінің тереңдігі мен ұлылығын бейнелейтін бірегей жобалардың тұсаукесері өтті.