Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20495 материал табылды

Ғылым • 17 Қазан, 2025

Ғалымның ғибратты жолы

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  көрнекті ғалым-экономист, академик Яхия Әубәкіровтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақстанның ұлттық экономикасы: қазіргі кезеңдегі даму заңдылықтары» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары, ЖОО ректорлары, отандық және шетелдік ғалымдар, компаниялар өкілдері мен жас зерттеушілер  жиналды, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 14 Қазан, 2025

Ұлттық спорт түрлері: көкпар мен қыз қуу әлемде қалай насихатталып жатыр

Дәстүрлі спорт түрлерімен шамамен 660 мың адам шұғылданады. Үкімет оларды дамытуға 5 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлді. Мектептер ашылып, мамандандырылған орталықтар салынуда. Бірақ ең бастысы – халықаралық мойындау. Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына тоқсанға жуық ел өкілдері жиналды, ал Қазақстанның ұлттық құрамасы 112 медальға ие болды. Жанкүйерлер ұлттық құрамалардың жетістіктерін бақылап, турнирлерге болжам жасауға болатын ПариМатч сияқты спорттық платформалар арқылы нәтижелерді қадағалайды.

Қоғам • 14 Қазан, 2025

Сергей Павлингердің өмірбаяны: Қазақстанның индустриялық тәуелсіздікке жету жолы

Екібастұздық кәсіпкер Сергей Владимирович Павлингердің өмірбаяны – бұл идеялар мен табандылықтың жеке саланы ғана емес, дүйім аймақты өзгерте алатыны туралы әңгіме. Ол Қазақстандағы ең ірі көлік құрылысының кластері Railways Systems KZ-ті құрды. Бұл компания елімізді стратегиялық өніммен қамтамасыз етіп, қалаларды дамытады, жаңа жұмыс орындарын құрады және жұмысшы мамандықтарына деген көзқарасты өзгертеді. Сергей Владимирович Павлингердің жүзеге асқан әрбір жобасы оның еңбек жолының бір кірпіші болып қаланады және бизнес мемлекет пен қоғамның тірегі бола алатынын дәлелдейді. 

Қазақстан • 13 Қазан, 2025

Қазақстан дүниежүзілік EXPO 2025 Osaka көрмесінде бірінші орынды иеленді

Дүниежүзілік EXPO 2025 Osaka көрмесі өз жұмысын аяқтады. Көрмеге қатысушы мемлекеттер үшін басты оқиға болып саналатын EXPO Awards марапаттау рәсімі кеше, 12 қазанда өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Саясат • 11 Қазан, 2025

Душанбе саммиті: Орталық Азия мен ТМД кеңістігінің жаңа болашағы

2025 жылы Душанбе екі ірі дипломатиялық формат «Орталық Азия – Ресей» саммиті мен ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы тоғысқан негізгі алаңға айналды. Бұл оқиғалар Еуразиялық саясаттың жаңа кезеңге ауысуын, яғни прагматикалық көпжақты басқару кезеңіне кіретінін көрсетті.

Инвестиция • 06 Қазан, 2025

Freedom Broker және ITS Қазақстанда жеке акцияларға арналған бөлшек ETF-терді іске қосты

Қазақстан қаржы нарығында жаңа құрал – Single-Stock ETF, яғни әлемдік компаниялардың жеке акцияларына арналған бөлшек қорлар іске қосылды. Енді инвесторлар Amazon, Tesla немесе Netflix сияқты компаниялардың акцияларын толық емес, олардың үлестерін сатып ала алады. Мұндай формат инвестицияның кіру шегін төмендетіп, шағын капиталмен де әртараптандырылған портфель қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Спорт • 03 Қазан, 2025

Трофи-рейдтен Қонаевта ел чемпионаты өтті 

2025 жылғы спорттық күнтізбеге сай бес кезеңнен тұратын трофи-рейдтен Қазақстан чемпионаты Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында ұйымдастырылып, ақтық кезең Қапшағай жағалауында өтіп, маусым жеңімпаздарын анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Тарих • 03 Қазан, 2025

Жамбыл Артықбаев: Дәйексіз дақпыртты тарихқа енгізу – ғылымға жасалған қиянат

Тарих – тек өткенді баяндау емес, ол халықтың болмысын, ұлттық санасын айқындайтын іргелі ғылым. Алайда соңғы жылдары тарихты, шынайы деректі бұрмалайтын тенденция пайда болды. Осы орайда кәсіби тарихшылар қоғамда тарихи мифтерге тосқауыл қоюдың жолын қарастыруға шақырады (Өмір Тұяқбай мақаласының ізімен).

Өнер • 02 Қазан, 2025

«Астана Опера» елордалықтарға «Риголетто» қойылымын ұсынады

Әлемдік опера сахнасының төрінде атақты композитор Джузеппе Вердидің  «Риголетто» қойылымы ең үздіктердің қатарында. «Риголетто» әлемдік репертуардың ең танымал операларының қатарына жатады. «Астана Опера» театры қазан айының 3-нен бастап қатарынан үш күн осы әлемдік деңгейдегі ғажайып туындыны елордалықтарға, қала қонақтарының назарына ранцуз режиссері Арно Бернардың жаңа қойылымында және қоюшы дирижер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаевтың басшылығымен ұсынып отыр.

Қоғам • 01 Қазан, 2025

5 кеселге қарсы күрестің жол картасы әзірленеді

Мемлекеттік қызметте істегендер «Жол картасы» дегенді жақсы біледі. Қарапайым тілмен айтсақ, ол – ауқымды міндетті рет-ретімен, сапалы, нәтижелі орындау жоспары. Әдетте, Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауынан кейін қабылданады, сондай-ақ ұзақ мерзімдік мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, партиялар съездерінің шешімдерін орындау үшін де жасалады. ҚХА жанындағы республикалық Аналар кеңесінің Қарағанды облысында өткен кеңейтілген отырысында өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Салауатты сана» жобасын іске асырудың 3 жылға арналған Жол картасын қабылдамақ ниеттерін жария етті. Бұл – қоғамға қауіп төндіріп отырған кеселдермен күресудегі үлкен қадам. Және билік пен қоғамның бір мақсатта алға басуының жақсы көрсеткіші.

Яндекс.Метрика