Денсаулық • 13 Қаңтар, 2026
«Денсаулық – басты байлық» деген қағида өмірдің шындығы екенін жан-тәніңмен ұғынатын сәттер болады. Жайшылықта мұны елеп-ескере бермейтініміз өкінішті. Денемізді дерт дендеп, жанымыз қысылғанда, күйкі тірліктің бәрі жайына қалып, жан дәрменіміз қалмай шипа іздейміз. Мұндайда сүйенеріміз Құдай, сосын – ақ халатты абзал жандар.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2026
Ұлтқа қызмет – марапаттан басталады
Қоғамда көзге көрінбей еңбек етіп жүрген, бірақ ел дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан азаматтар аз емес. Солардың еңбегін елге таныту, қоғам алдында бағалау – үлкен жауапкершілік. Осы бағытта соңғы жылдары жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқандардың бірі – Динара Бердімұрат.
Спорт • 10 Қаңтар, 2026
Волейболды жүрегімен сезінген спортшы
Волейбол – спорттық ойын ғана емес, ол тәртіп пен төзімділікті, бірлік пен сенімді, жеңіске деген жігер мен жауапкершілікті қалыптастыратын үлкен өмір мектебі. Осы қасиеттерді өз болмысына сіңіріп, волейболды өмірлік серігіне айналдырған жандар ғана бұл саланың шынайы жанашыры бола алады.
Саясат • 09 Қаңтар, 2026
АҚШ елшісі: Қазақстан Президентіне сенім грамотасын тапсырғаныма өте қуаныштымын
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамотасын тапсырдым. Қазақстанда еңбек ету – мен үшін зор мәртебе. Америка Құрама Штаттары мен Қазақстанның қарым-қатынасы ерте қалыптасты. АҚШ – Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған елдердің бірі. Бүгінде серіктестігіміз барынша бекіді. Қазір екіжақты ықпалдастық өз тарихындағы ең жоғары деңгейде.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
Депутат қоқыс шығаратын компаниялардың қызметін сынға алды
Мәжіліс депутаты, ЖСДП фракциясының мүшесі Ажар Сағандықова елордадағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында болып, қоқыс сұрыптау кешенінің инфрақұрылымымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 05 Қаңтар, 2026
Ашылмай келген ақиқат: Пулеметті денесімен жауып, өзін құрбан еткен қай Боран Нысанбаев?
Адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған алапат ІІ дүниежүзілік соғыстағы Ұлы Жеңіске биыл 80 жыл толды. Осыған орай жұртшылық назарына Кеңес Одағының батыры Боран Нысанбаев туралы жаңа архивтік деректерді ұсынып отырмыз.
Экономика • 31 Желтоқсан, 2025
Кәсіпкерлер өнеркәсіпке қатысты мемлекеттік реформаны қолдады
Отандық тауар өндірушілердің Бірыңғай тізілімін іске қосу бойынша ауқымды жұмыс жалғасып жатыр. Бұл − отандық кәсіпорындарды қолдауға, нақты өндірісті дамытуға және ішкі нарықта ашық әрі әділ ережелер қалыптастыруға бағытталған маңызды құрал, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Шүлбі су электр станциясы: жұмысшы мамандық – өмірлік кәсіп
Энергетика саласында кездейсоқ адамдар болмайды, әсіресе гидроэнергетикада. Мұнда энергия жүйесінің тұрақтылығы жұмысшы мамандардың кәсібилігіне тікелей байланысты. Шүлбі су электр станциясы – жұмысшы еңбегінің сенімді энергетиканың берік негізіне айналатынын айқын көрсететін нысан.
Ғылым • 25 Желтоқсан, 2025
Еліміздегі тұңғыш Халықаралық қатынастар факультетіне 30 жыл толды
Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел ретінде саяси даму бағыты енді айқындалып жатқан тарихи кезеңде профессор Ж. О. Ибрашев еліміз үшін жаңа әрі стратегиялық маңызы зор – халықаралық қатынастар саласында мамандар дайындау қажеттілігі туралы алғашқылардың бірі болып мәселе көтерді. Оның пайымдауынша, әлемдік қауымдастықтың дербес мүшесі ретінде Қазақстанның шет мемлекеттермен тиімді өзара ықпалдастықты орнатуы үшін халықаралық қатынастар мен дипломатия саласында жоғары білікті кәсіби мамандарды даярлау - аса өзекті міндет болды.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2025
«Келешек мектептері»: Сауранда 3 заманауи мектеп пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы өңірлерде сапалы білім алуға тең мүмкіндік қалыптастыруға бағытталған. Осы ұлттық жоба аясында Түркістан облысында 29 жаңа мектеп салынса, оның ішінде Сауран ауданында үш заманауи мектеп пайдалануға беріліп, балалар мен ұстаздар үшін қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасы қалыптасты.