Спорт • Кеше

Соңғы сәттегі пенальти ОАР құрамасын жеңілістен құтқарды

1 мин
оқу үшін

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының А тобындағы 2-тур аясында Чехия мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамасы кездесіп, 1:1 есебін тең тарқасты, деп хабарлайды Egemen.kz

Соңғы сәттегі пенальти ОАР құрамасын жеңілістен құтқарды

АҚШ-тың Атланта қаласындағы Mercedes-Benz Stadium алаңында өткен ойынның 6-шы минутында жартылай қорғаушы Михал Садилек Чехия құрамасын алға шығарды. Матчтың 83-ші минуттында төреші чех футболшысының қолмен ойнағанын тіркеді. Нәтижесінде Чехия қақпасына пенальти белгіледі. 11 метрлік соққыны Тебохо Мокоэна дәл орындап, есепті теңестірді.

А тобының алғашқы турында Чехия құрамасы Оңтүстік Корея командасынан 1:2 есебімен жеңілген болатын. Ал бір күн бұрын ОАР құрамасы турнирдегі алғашқы ойынында Мексика командасына 0:2 есебімен жол берген еді.

Топтық кезеңнің соңғы турында Чехия Мексикамен кездессе, ОАР Оңтүстік Кореяға қарсы ойнайды.

Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ-2026 кестесі

Соңғы жаңалықтар