Президент • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев: Дәрігерлердің қауіпсіздігі айрықша назарда

1 мин
оқу үшін

Бүгін медицина қызметкерлері күніне орай Ақордада өткен салтанатты іс-шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне күш көрсеткен адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Дәрігерлердің қауіпсіздігі айрықша назарда

Фото: shutterstock.com

Президенттің айтуынша, қазіргі таңда денсаулық сақтау жүйесінде 280 мыңнан астам маман қызмет етеді.

«Олардың мәртебесін көтеру және беделін күшейту еліміз үшін басымдыққа ие міндет болып қала береді», деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы: Жаңа Конституцияда ұлт саулығы ұғымына алғаш рет кең ауқымда назар аудардық

Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлердің қауіпсіздігін қатаң қадағалау жұмысы айрықша назарда болуға тиіс екенін айтып, осы мәселеге былтыр кәсіби мереке қарсаңында өткен жиында арнайы тоқталғанын тілге тиек етті.

«Сол себепті мен осы жылдың басында медицина қызметкерлеріне күш көрсеткен адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заңға қол қойдым. Бұл шешім қоғамымызда берік орнығып жатқан Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді», деді Мемлекет басшысы.

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Соңғы жаңалықтар