Қоғам • Бүгін, 16:44

Өртке қарсы 193-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті құралымы ашылды

2 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына жұмыс сапары барысында Ақбел ауылында ерікті өртке қарсы құралымның ашылуына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өртке қарсы 193-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті құралымы ашылды

Фото: ТЖМ

Жаңа нысан ауылдық елді мекендердің қауіпсіздік деңгейін арттыруға және төтенше жағдайларға жедел ден қоюды қамтамасыз етуге бағытталған ведомстволық «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасының бір бөлігі болды.

ТЖМ құтқару операцияларына арналған төртінші ұшақты алды

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бағдарлама аясында ауылдық бөлімшеге өрт сөндіру автоцистернасы, жеке қорғаныс құралдарының жиынтығы, радиостанцияларды қоса алғанда заманауи байланыс құралдары, сондай-ақ өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі берілді. Бұл жарақтандыру еріктілерге кәсіби бөлімшелер келгенге дейін өрттерді тиімді сөндіруге және халыққа жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Шыңғыс Әрінов ауылдық өртке қарсы құралымдар желісін дамыту ТЖМ жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бағдарламаны іске асырудың арқасында шалғай елді мекендердің тұрғындары өз ауылдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіліп жатыр, ал төтенше жағдайларға ден қою уақыты едәуір қысқарып отыр.

ТЖМ

Қарағанды облысында бағдарламаны дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. 2025 жылдан бастап 13 ерікті өрт сөндіру бекеті құрылды, оның ішінде реновация аясында жаңғыртылған 4 нысан бар. Биыл тағы 31 ерікті өртке қарсы құралым құру және жаңарту жоспарланған. Жобаны іске асыру азаматтық қорғау жүйесін нығайтуға және өңірдің ауыл тұрғындарының қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етіп отыр.

ТЖМ қызметкері 165 тонналық вагонды сүйреп, рекорд жасады

Соңғы жаңалықтар