Оқиға • Бүгін, 12:53

Астананың орталығындағы Триатлон саябағы аумағында өрт шықты

1 мин
оқу үшін

Елорданың Алматы ауданындағы Триатлон паркі аумағында орналасқан балалар алаңында өрт шықты. Әлеуметтік желілердің бірінде өрт болып жатқан мезет түсірілген видео жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астананың орталығындағы Триатлон саябағы аумағында өрт шықты

Фото: Видеодан алынған кадр

Бейнекадрлардан оттың ойын құрылғысын түгелге жуық шарпығанын көруге болады. Қала тұрғындарының басым бөлігі ойын алаңының жойылғанына өкініш білдірді.

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті

Астананың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің өртті сөндіру барысы туралы мәліметі басылымдарда жарияланды.

«Бүгін таңертең 112 нөміріне Астананың Алматы ауданындағы Триатлон паркінің аумағында орналасқан алаңда өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына 6 минут ішінде жеткен өрт сөндірушілер 25 шаршы метр аумақты шарпыған өртті жедел түрде толық сөндірді», деп хабарлады Астананың Төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Өрттің нақты шығу себебі анықталып жатыр.

Сондай-ақ, осыдан бірнеше күн бұрын сондай-ақ Семейде саяжай өртенді. Құтқарушылар жанып жатқан саяжайдан екі газ баллонын алып шықты.

Соңғы жаңалықтар