Фото: Электрондық сауда порталынан
Ғимаратты сатып алуда кепілдік жарнасы 8,16 млрд теңгені құрады.
Аукцион 17 маусым күні сағат 10:00-де бағаны көтеру форматында өтуі тиіс болғанымен, тіркелген қатысушылар болмағандықтан сауда басталмады.
Аумағы 63,9 мың шаршы метр болатын бизнес-орталық Алматы қаласындағы Желтоқсан мен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан. Ғимарат 9 қабаттан тұрады және онда 53 кәсіпкер жалға алып жұмыс істейді.
Потенциалды сатып алушыларға құжаттардағы сәйкессіздіктер туралы алдын ала ескертілген. Бір құжатта нысанның ауданы 63 920 м² деп көрсетілсе, техникалық паспорттың дубликатында 56 480 м² деп берілген. Айырмашылық панорамалық қабаттың (2 297 м²) шатыр ретінде есептелуімен және қайта есептеу нәтижесінде тағы 5 143 м²-ге азаюымен түсіндірілген.
Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі «Байсат» базары сатылымға шығарылды
Бұған дейін Қайрат Сатыбалдының бизнес-орталығы 61 миллиард теңгеге сатылатыны туралы хабарлаған болатынбыз.