Оқиға • 15 Маусым, 2026

«Қайраттың» бұрынғы бапкері Владимир Гулямхайдаров қайтыс болды

1 мин
оқу үшін

Мәскеуде 81 жасқа қараған шағында белгілі футбол бапкері Владимир Гулямхайдаров өмірден өтті. Қаралы хабарды Қазақстан футбол федерациясы жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайраттың» бұрынғы бапкері Владимир Гулямхайдаров қайтыс болды

Бапкердің қайтыс болғаны туралы ақпарат 15 маусым күні белгілі болды. Әзірге өлімнің себебі хабарланған жоқ.

Владимир Гулямхайдаров Тәжікстанда дүниеге келіп, футболшылық мансабының басым бөлігін сол елде өткізген. Алайда 1996-2012 жылдар аралығында Қазақстан футболында жемісті еңбек етіп, бірқатар клубта түрлі қызмет атқарды.

«Тобыл» командасы бас бапкерін тағы ауыстыруы мүмкін

Ол алматылық «Қайрат» клубынан бөлек, «Локомотив Астана», «Тараз», «Мегаспорт» және «Сұңқар» командаларында жұмыс істеген.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, Владимир Әлішұлы 1999 және 2001 жылдары Қазақстан кубогін жеңіп алса, 2004 жылы алматылық «Қайраттың» бапкерлер штабында қызмет атқарып жүріп Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанған.

Команданы Чемпиондар лигасының ширек финалына жеткізген бас бапкер «Қайраттан» неге кетті?

Марқұмның қазасы Қазақстан футболы үшін ауыр қайғы болды. Ол елдегі футболдың дамуына елеулі үлес қосып, бірнеше буын ойыншылар мен мамандардың қалыптасуына ықпал етті.

Соңғы жаңалықтар