Фото: Ашық дереккөз
Сотта айыпталушы Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинді қалай өлтіргенін айтты.
«Наурыз бірден өлген жоқ. Менде алғаш рет осындай жағдай болды, мен тіпті мал да сойып көрмеппін», деді ол.
Сәрсемалиев сондай-ақ полицияны шақыру туралы ойланғанын, бірақ отбасылық жағдайына байланысты шешім қабылдай алмағанын мәлімдеді.
«Шынымды айтсам, полиция шақырғым келді, бірақ менің бес балам бар, ең кішісі ол кезде 4 айлық еді. Әйелім оларға қарай алмайды. Содан не істерімді білмей жүрдім», деді Сұлтан Сәрсемалиев.
Еске сала кетейік, бұған дейін сот барысында айыпталушы кейбір эпизодтар бойынша кінәсін ішінара мойындағанымен, айыптаудың бірқатар тармақтарымен келіспейтінін жеткізді.
Сондай-ақ, сотта Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты жаңа видео дәлел көрсетілген болатын. Кадрларда Сұлтан Сәрсемәлиевтің ломбардқа алтын бұйымдарды өткізіп жатқан сәті бейнеленген.