Олардың қатарында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, сондай-ақ қорғаншылықтағы балалар да бар. Бұл мәліметтердің еркін таралуы олардың әрі қарай заңсыз пайдаланылу қаупін туғызған.
Прокуратураның қадағалау актісі негізінде заң бұзушылықтар жойылып, балалардың жеке деректері ашық қолжетімділіктен алынып тасталды. Сондай-ақ жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қала прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғау және жеке деректер туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты бақылауда екенін атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан азаматтарының жеке деректерін сатқан халықаралық топ ұсталғанын жазған болатынбыз.
Елімізде қабылданған жаңа заңға сәйкес енді қызмет алушылардың жеке деректерін негізсіз пайдаланған нотариустар лицензиясынан айырылады.