Ұйымның ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Олимпиада ойындарында трансгендер спортшылардың әйелдер жарыстарына қатысуына тыйым салынады. Қатысу құқығы SRY геніне скрининг жүргізу арқылы анықталады, бұл ген әйелдерде болмайды. Тест тек бір рет өткізіледі, қайта тапсырудың қажеті жоқ.
«Мен бұрынғы спортшы ретінде барлық Олимпиада қатысушыларының әділ жарыстарға қатысуын қолдаймын. Біз жариялаған саясат ғылыми деректерге негізделген және медициналық сарапшылармен әзірленген. Олимпиадада ең аз айырмашылық та нәтижені шешуі мүмкін. Сондықтан биологиялық ерлердің әйелдер категориясында жарысуы әділетсіз болар еді. Кейбір спорт түрлерінде бұл тіпті қауіпті», деді ХОК президенті Кирсти Ковентри.
Жаңартылған саясат 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында Лос-Анджелесте күшіне енеді.
Айта кетейік, 2025 жылғы ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп трансгендер әйелдердің цисгендер әйелдермен жарысуына тыйым салған болатын. Бұған дейін ол заң жүзінде тек екі жынысты мойындаған.