Қоғам • Бүгін, 18:02

Қазақстанда жеке хаттарға бақылау жасала ма?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Қаржылық мониторинг агенттігі мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі жеке хаттарды толық бақылауға алады деген ақпарат тарады. Алайда Қаржылық мониторинг агенттігі бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда жеке хаттарға бақылау жасала ма?

Дезинформацияға қарсы орталықтың мәліметінше, жаңа ережелер тек ашық, яғни баршаға қолжетімді ақпаратты бақылауға қатысты. Бұл – жария жазбалар мен репосттар, әсіресе қаржы пирамидаларын жарнамалау, онлайн-казино мен заңсыз лотереяларды насихаттау сияқты контенттерге бағытталған.

Ал азаматтардың жеке хат-хабарларын бақылау бұл ережелерде мүлдем қарастырылмаған. Сондықтан жеке хаттарға тыңшылық жасалады деген ақпарат – манипуляция және жалған мәлімет.

Референдум: Желіде жалған ақпараттық шабуылдар тіркеліп жатыр

Бұған дейін агенттік өкілдері заңсыз онлайн-казиноны жарнамалайтын блогерлерге қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынған болатын. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы пирамидаларына адамдарды тартатын тұлғаларды қатаң жазалау қажеттігін атап өткен.

Соңғы жаңалықтар