Қоғам • Бүгін, 13:01

Елімізде соңғы екі айда 200-ден астам егіз бала дүниеге келді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда соңғы екі айда 200-ден астам егіз сәби өмірге келген. Статистикаға көз салсақ, 2025 жылы елде 3 367 жұп егіз және 25 үшем туған. Көрсеткіштердің салыстырмалы түрде жоғары болуы еліміздегі репродуктивтік денсаулық пен медициналық қызметтердің сапасы артқанын көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде соңғы екі айда 200-ден астам егіз бала дүниеге келді

Медицина мамандардың айтуынша, елімізде мерзімінен бұрын туған нәрестелердің үлесі азайып келеді. 2023 жылы 7,3% болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 6,2%-ға түсті. 

Референдум күні Алматыда 44 сәби дүниеге келді

Елде ана мен бала денсаулығын қорғау жүйесі үздіксіз дамып, осы бағытта бірнеше маңызды шаралар жүзеге асырылып жатыр:

  • алдын алу бағдарламалары кеңейтіліп, әйелдердің жүктілікті жоспарлаудан бастап босанғанға дейінгі кезеңде сапалы медициналық көмек алу мүмкіндігі артты;
  • перинаталды орталықтар жаңартылып, заманауи медициналық жабдықтар мен технологиялар енгізіліп жатыр;
  • әйелдерді әлеуметтік және психологиялық қолдау күшейтілуде, бұл әсіресе көпбалалы отбасылар мен жас аналар үшін маңызды.

Сонымен қатар, репродуктивтік бағдарламаларға ерекше көңіл бөлініп келеді. Соңғы жылдары ЭКО (жасанды ұрықтандыру) арқылы да мыңдаған бала дүниеге келген.

Соңғы жаңалықтар