фото: AFP
Колумбия Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ұшақ аэродромнан шамамен 1,5 шақырым қашықтықта құлаған. Ол елдің оңтүстігіндегі Пуэрто-Легисамо қаласынан Пуэрто-Асис бағытына ұшып шыққан.
Caracol Radio-ның әлеуметтік желіде жариялаған хабарламасында Пуэрто-Легисамо (Путумайо провинциясы) маңында болған апат салдарынан 66 адамның қаза тапқаны расталған. Қаза болғандардың ішінде 58 әскери қызметкер, Колумбия Әуе күштерінің 6 өкілі және Ұлттық полицияның 2 қызметкері бар.
Апаттың нақты себебі әлі анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл белгілері табылмаған. Ұшақ ішінде өрт шығып, соның салдарынан кейбір оқ-дәрілер жарылғаны хабарланды.
Нью-Йорк әуежайында ұшақ өрт сөндіру көлігімен соқтығысты: Зардап шеккендер бар