Мирас • Бүгін, 08:05

Жадымызды жаңғыртқан сайыстар

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлтты сақтаудың ең төте жолы – ұрпақ тәрбиесі. Бала ойынмен өседі, дамиды, жетіледі. Қазіргі балалар атадан мұра болып келе жатқан ойындарымызды қаншалықты біледі? Осы және басқа да сауалдарға Түркі әлемінің балалар ойындары халықаралық фестивалі жауап берді.

Жадымызды жаңғыртқан сайыстар

Ұлттық киім киген балалар көз тар­тады. Олардың байырғы ойын­­дарды беріле ойнап отыр­ғанын көргенде, жаныңыз жадырайды. Осындай ауқымды әрі игі іс-шара­ны Оқу-ағарту министрлігі мен Түркия­ның Білім министрлігі бірлесіп ұйымдастырды.

Оқу-ағарту министрлігінің мәлі­метінше, 9–13 жас аралы­ғындағы оқушыларға арналған фестиваль түркі мемлекеттері арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға, түркілерге ортақ бай мұрасын, дәс­түрлі балалар ойындарын сақтауға, наси­хаттауға, сондай-ақ халықаралық педагогикалық ынтымақтастықты дамытуға бағыт­талған. Сонымен қатар іс-шара балалар ойындарын жүйелеу, ортақ мұрағат қалыптастыру, ойындардың білім беру үдерісіндегі педагогикалық рөлін арттыру, сондай-ақ жас ұрпақтың әлеуметтік, эмоционалдық әрі мәдени дамуына қолдау көрсетуді көздейді.

сс

Фестиваль аясында еліміздің 20 өңірінен келген педагогтерге арналған халықаралық семинар-тренинг өтті. Қатысушылар түркі халықтарының дәстүрлі ойындарымен танысып, оларды білім беру үдерісіне енгізу жолдарын талқылады. Семинар-тренинг бағдар­ламасында асық ату, таяқ тарту, ләңгі тебу, орамал тастамақ, сақина салу, ханталапай, тымақ ұру, бесасық, тағы басқа ойын түрлері ұсынылған. Қорытын­дысы бойынша түркиялықтар қазақ мәдениетіне тән бірнеше ойынды іріктеп алды. Бұл ойындар биылғы сәуір айында Ыстанбұл қаласында өтетін түркі елдері фестивалінде көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар