Қоғам • Бүгін, 07:55

Үшем өмірге келді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр мұнайлы өңірде 13 906 сәбидің дүниеге келгені тіркелген еді. Биылғы жылдың алғашқы таңында олардың қатары 30 нәрестемен толықты. Ал жақында үшем өмірге келді.

Үшем өмірге келді

Облыстық денсаулық сақ­тау басқармасының дерегіне қарағанда, үшемнің әке-шешесі Мақат ауданында тұрады. Үш бұрымдыны жүктіліктің 35-аптасында босанған.

– Ата-ана үшін де, медицина саласындағы қызметкерлер үшін де үшемнің өмірге келуі – ерекше оқиға. Алайда Аты­рау облысында үшем сирек кездеседі. Биылғы үшемнің ата-анасы бұрыннан екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. Дүние есігін енді ашқан нәрестелерін Қымбат, Сымбат, Қарақат есімімен атады. Үшемнің салмағы бірдей емес. Бірі – 1 921, екіншісі – 2 275, ал үшіншісі – 2 204 грамм. Бойлары 44–45 см аралығын құрады, – деп хабарлады басқарма басшысының орынбасары Әлия Жанғалиева.

Үшемнің анасы Әселхан Кеңесованың айтуынша, өзінің де, күйеуінің де әулетінде егіздер болған. Дәрігерлер үшемнің өмірге келетінін алдын ала ескертіпті.

– Бұл хабарды естігенде қуандық әрі қобалжыдық. Дегенмен бір күнде көпбалалы отбасы атандық. Дәрігерлер үшем­нің аман-есен өмірге келуіне жан-жақты қолдау көрсетті, – дейді Ә.Кеңесова.

Атырау облысы

 

Соңғы жаңалықтар