Қоғам • Бүгін, 08:05

Батырлығын бағалады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13 жасар қызды қара ниетті қарақ­шылардан құтқарып қалған Тараз қаласының тұрғыны Нүркен Омаровқа лайықты құрмет көрсетілді. Ішкі істер министрлігі атынан марапатталған бейбіт күннің батырын облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қабылдап, 500 мың теңгенің сертификатын табыстады.

Батырлығын бағалады

Оқиға осыдан бірер күн бұрын Тараздағы аялдамалардың бірінде болған. Екі ер адам жасөспірімді көлікке күштеп отырғызбақ болған сәтте оқиға орнынан табылған Нүркен Омаров жылдам шешім қабылдап, батыл әрекетке көшеді. Оның осы қадамының арқасында қыз баланың өміріне төнген қауіп сейілді. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер жедел ұсталып, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Жасөспірімнің жүзінен қорқыныш байқаған соң, бір шикіліктің барын бірден сездім. Мен бұл қадамға қандай да бір марапат алу үшін барған жоқпын, мұны азаматтық әрі әкелік борышым деп есептеймін. Бала – біздің болашағымыз, жүрегі бар кез келген ер-азамат осындай жағдайда үнсіз қалмауы керек», дейді Нүркен Омаров.

Өңір басшысы Е.Қарашөкеев қоғам тыныштығына бейжай қарамаған азаматтың бұл әрекетін жоғары бағалады. Н.Омаровтың сын сәтте жауапкершілік танытып, «Заң мен тәртіп» қағидатын берік ұстанғаны өскелең ұрпаққа үлгі екенін атап өтті. Сондай-ақ шаһар тұрғынының әлеуметтік жағдайымен танысқан облыс әкімі оны тұрақты жұмыспен қамту үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырма берді.

ТАРАЗ

 

Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28

21 шетелдік байқаушы аккредиттелді

Референдум • Бүгін, 08:17

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15