Қоғам • Кеше

Таразда жол белгілерінің дұрыс орнатылмауы салдарынан жүргізушілерге 345 млн теңге айыппұл заңсыз салынған

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тараз қаласында Сүлейменов көшесіне қойылған жылдамдықты шектеу белгісі заң талаптарына сай рәсімделмегені анықталды. Соның салдарынан 32 мыңнан астам жүргізуші негізсіз айыппұл төлеген. Енді мемлекет 345,3 миллион теңгені қайтаруға тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таразда жол белгілерінің дұрыс орнатылмауы салдарынан жүргізушілерге 345 млн теңге айыппұл заңсыз салынған

Фото: kolesa.kz (нейрожелі көмегімен жасалған)

Жергілікті прокуратура жүргізушілерді заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту дерегін әшкереледі. Halyqstan телеграм-арнасының хабарлауынша, тәртіп сақшылары көлік иелеріне жалпы сомасы 345 349 309 теңге болатын 32 260 хаттама толтырған. Оларға Сүлейменов көшесінде сағатына 40 шақырым жылдамдықтан асқан деген айып тағылған.

Прокурорлық тексеріс барысында аталған жол белгісі тиісті келісімдерсіз және жол қозғалысы жағдайына талдау жасалмай орнатылғаны белгілі болды. Осылайша полиция заң талаптары сақталмай қабылданған шешімге сүйеніп, азаматтарды жауапқа тартқан.

Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?

Кейін атқарушы орган жол белгісін алып тастағанымен, шығарылған қаулылар күшінде қалып қойған. Соның салдарынан жүргізушілер төлеген қаражатын қайтара алмаған. Тараз қаласының тұрғыны Светлана Бояркина сотқа жүгініп, өз құқығын қорғап шыққан. Сот жол қозғалысын ұйымдастыру кезінде заң талаптары сақталмаған деген шешім қабылдады. Полиция бұл шешімге шағым түсірмеген.

4 млн теңге айыппұл: Таразда көлік жүргізуші ұсталды

Қазіргі уақытта тек бірнеше айыппұлдың күші жойылған. Ал тұрғындар өздерінің заңсыз жауапқа тартылғанын білмеуі мүмкін.

Енді полиция департаменті прокурор ұсынған талаптарды орындап, негізсіз өндірілген қаражатты қайтару мәселесін қарастыруы тиіс. Алайда жауапкершілік мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Полиция жол белгілерін орнату әкімдіктің құзырында екенін айтса, әкімдік мұндай жұмыстар полицияның нұсқамасы негізінде жүргізілетінін мәлімдеген.

Жүздеген миллион теңгенің тағдыры мен кінәлі тараптың жауапкершілігі алдағы уақытта белгілі болмақ.

Биылдан бастап жол ережесіне қатысты айыппұлдар өседі

Соңғы жаңалықтар