Оқиға • Бүгін, 11:11

Ресейге 4 тонна металл алып өтпек болғандар ұсталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысындағы «Аят» шекара бекетінде Ресейге түсті метал сынықтарын алып өтпек болған «Renault» маркалы жүк көлігі ұсталды. Жүргізушінің жол құжатында көліктің жүксіз, бос кетіп бара жатқаны көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейге 4 тонна металл алып өтпек болғандар ұсталды

Алайда транспорт құралы мен жүкті қадағалайтын шекара жасағы мен облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жүргізген тексеру барысында автокөліктің тіркеме цистернасына шамамен 4 тоннаға жуық түсті металл қалдықтары мен латунь радиаторлары жасырылғаны анықталды.

Алматыда 620 млн теңгеден астам шығын келтірген заңсыз инвестициялық жоба әшкереленді

«Алдын ала бағалау бойынша, жүктің құны шамамен 15 миллион теңгені құрайды. Күдіктілер цистернаның алдыңғы бөлігіне қосымша қақпақ дәнекерлеп, оның артына заңсыз тауарды жасырған. Қазір тәркіленген жүк сараптамаға жіберілді. Барлық процессуалдық рәсімдер аяқталғаннан кейін материалдар сотқа жолданады», делінген хабарламада.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2025 жылғы бұйрығына сәйкес, елімізде қара және түсті металдың сынықтары мен қалдықтарын барлық көлік түрлерімен әкетуге тыйым салынған.

Түркістан өңірінде заңсыз алтын өндірген 12 күдікті ұсталды 

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар