Фото: adebiportal.kz
«Біз үшін ең қымбат – еліміздің болашағы, тыныштығы мен дамуы. 2026 жылдың 15 наурызында республикалық референдум өтеді. Бұл біздің әрқайсымыз үшін үлкен жауапкершілік пен азаматтық міндет», деп атап өтті ол.
Бейбіт Сарыбайдың айтуынша, Референдум – бұл тек дауыс беру күні ғана емес, елдің келешегін айқындайтын маңызды саяси акт, әрбір азаматтың Отан алдындағы парызы.
«Біздің таңдауымыз – елдің құқықтық негізіне, азаматтық қоғам мен демократия негіздеріне сеніміміз бен болашағымызға жасалған үлес. Бізді қоршаған әлем қарқынды өзгеріп жатқан уақытта, өз таңдауыңды жасау – өзіңнің идеяң мен көзқарасыңды білдірудің нақты жолы. Әр дауыс маңызды, әр пікір құнды.
15 наурызда келіп, өзіңнің азаматтық ұстанымыңа сай шешім шығар! Бірге келешегімізді қалыптастырайық!», деп жазды Б. Сарыбай.