«Тест қорытындысы бойынша талапкерлердің 74%-ы шекті балл жинады. Бес пәнді қосқанда орташа ұпай 65 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 133 балл. ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі 14 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн. Тестілеу барысында 6 ереже бұзушылық анықталды. 5 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 1 адам тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, тест нәтижесі жойылды», дейді филиал басшысы.
Қаңтардағы ҰБТ: Тестілеу ережесін бұзған 120 адамның нәтижесі жойылды
Биыл ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін тест тапсыру кезінде түсірілген бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу деректері анықталған жағдайда талапкердің ҰБТ нәтижесі жойылады.
Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 ақпанда басталады