Олимпиада • Бүгін, 15:35

Фристайл-могул: Павел Колмаков Олимпиадада 1/8 финалға дейін жетті

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан ерлер құрамасының фристайл-могулдан көшбасшысы Павел Колмаков Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фристайл-могул: Павел Колмаков Олимпиадада 1/8 финалға дейін жетті

Фото: olympic.kz

Параллель могул сайысының 1/16 финалында қазақстандық спортшы Франция өкілі Артур де Вилокурды жеңді.

Келесі қарсыласы — Олимпиада чемпионы, үш дүркін Олимпиада жүлдегері канадалық Микаэль Кингсбери болды.

Ширек финалға жолдама беретін жарыста тәжірибелі канадалық спортшы жеңіске жетті.

Осылайша, фристайл-могулдан Қазақстан құрамасы Олимпиада-2026-дағы жарыс жолын аяқтады.

Соңғы жаңалықтар