Фото: polisia.kz
Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті заңсыз пайда табу мақсатында синтетикалық есірткі заттарын қала аумағында жасырын орындарға қойып кетіп, таратумен айналысқан.
«Ұстау кезінде одан жалпы салмағы шамамен 5 грамм болатын синтетикалық зат салынған 13 орам тәркіленді», делінген ІІМ хабарламасында.
Сондай-ақ тінту барысында оның тұрғылықты мекенжайынан жеке тұтыну үшін сақтаған жалпы салмағы 6 грамнан асатын гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді.
Көлік полицейлері есірткі заттарын заңсыз өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының шешімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.