Аймақтар • Бүгін, 14:28

«Қостанай жастары» бағдарламасымен 344 отбасы баспаналы болды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылы облыс әкімдігі мен «Отбасы банк» бірлесіп, жұмысшы жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ететін «Қостанай жастары» бағдарламасын іске қосқан. Содан бері көптеген жас отбасы осы бағдарламаның көмегімен 5 пайыздық несие ресімдеп, үй сатып алып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қостанай жастары» бағдарламасымен 344 отбасы баспаналы болды

Өңірдің белсенді жастарымен кездескен облыс әкімі Құмар Ақсақалов аталған бағдарлама аясында 344 жас отбасы баспаналы болғанын айтты.

«Бұл бағдарлама бойынша «Отбасы банк» жеңілдетілген несие беруді жалғастырады. Биыл «Қостанай жастары» бағдарламасы бойынша 60 жас отбасы пәтер алады. Сонымен қатар, жастарға жақсы тәрбие, сапалы білім беру үшін әлеуметтік маңызы бар көптеген нысандар салынып жатыр. Мысалы, соңғы үш жыл ішінде біз өңір тұрғындары үшін 27 мектеп, 35 білім нысанын, 37 медициналық ғимарат, 6 мәдениет үйін салдық», деді облыс әкімі.

Жас ғалымдарға пәтер кілті табысталды

в

Қызылордада 100 жас отбасы баспаналы болды

 

Соңғы жаңалықтар