Оқиға • Бүгін, 15:32

Kaspi Gold карталарынан ақша неге жоғалып жатыр?

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде Kaspi Gold карталарынан белгісіз төлемдер алынып жатқанын айтып, шағымданушылар көбейді. Тұтынушылар ешқандай жазылым қоспаса да Google немесе Telegram қосымшаларының сыйлықтарын пайдаланғаны үшін ақша ұсталып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Kaspi Gold карталарынан ақша неге жоғалып жатыр?

Әлеуметтік желіде тараған жазбалардың бірінде қолданушы алдымен картасынан «0 теңге» көлемінде тестілік операция жүргізілгенін, кейін цифрлық сатып алулар үшін нақты сомалар шегеріле бастағанын айтқан. Пікірлерде осындай жағдайға тап болғандар аз емес екені белгілі болды.

Зардап шеккендердің айтуынша, әдетте алдымен сынақ төлемі жасалып, артынан Telegram желісіндегі «сыйлықтар», «премиум» қызметі немесе басқа да цифрлық өнімдер үшін қаражат алынады. Ал банк көшірмесінде төлем «Google» ретінде көрсетіліп, бұл жағдай түсінбеушілік туғызады.

Kaspi.kz өкілдері банк жүйесінде мұндай ешқандай деректер болмағанын мәлімдеді. Олардың түсіндіруінше, интернет арқылы төлем жасау үшін карта нөмірі, жарамдылық мерзімі және CVV-код секілді барлық деректерді қолмен енгізу қажет. Карта деректері үшінші тұлғалардың қолына түсуі мүмкін. Банк картасының қауіпсіздігіне жауапкершілік карта иесінің өзіне жүктеледі.

Егер карта деректері жария болып кеткен болса, оны қайта шығару ұсынылады. Алайда жарамдылық мерзімі аяқталмаған картаны қайта шығару құны – 1 995 теңге. Бұл жағдай да әлеуметтік желіде наразылық тудырған.

Kaspi Gold картасының жылдық қызмет көрсету ақысы қымбаттай ма?

Киберқауіпсіздік мамандарының айтуынша, алаяқтар ұрланған карта деректерін Google аккаунтына тіркеп, кейін сол арқылы Telegram ішіндегі сатып алуларды төлейді. Нәтижесінде төлем Google атауымен көрінгенімен, қаражат шын мәнінде мессенджерге жіберіледі.

Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?

Сондықтан күдікті төлемдер анықталған жағдайда мобильді қосымша арқылы интернет-төлемдерді бірден өшіріп, белсенді жазылымдарды тексеріп, қажетсіздерін алып тастау керек. Қажет болған жағдайда картаны қайта шығарған жөн.

Соңғы жаңалықтар