Науқанның мақсаты – әрбір әйел мен қыз бала үшін қауіпсіз орта қалыптастыру, зорлық-зомбылыққа жол жоқ екенін және бұндай әрекет міндетті түрде жауапкершілікке әкелетінін көпшілікке насихаттау.
Мәдениет және ақпарат министрлгінің мәліметінше, аталмыш науқан аясында мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында және еңбек ұжымдарында кездесулер өтеді. Сонымен қатар заңгер, полиция қызметкерлері мен психологтардың қатысуымен дәрістер, жастарға арналған жеке шекара және қауіпсіз орта туралы тренингтер, ата-аналармен балаларды қысым мен манипуляциядан қалай қорғау қажеттігі туралы кездесулер ұйымдастырылады.
Астанада 82 жастағы қария шөбересіне зорлық-зомбылық көрсеткені үшін 20 жылға сотталды
Теледидар мен интернет кеңістігінде әлеуметтік роликтер, подкастар және мәселені терең білетін сарапшылардың қатысуымен сұхбаттар жарияланады. Науқанға блогерлер мен қоғамдық пікір көшбасшылары да қатысады.
Зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға көмек көрсету кабинеттері ашылады
Науқан аясында «QURMET» челленджі жарияланады. Қатысушылар әлеуметтік желілерде фото, бейне және қысқа мәтіндер жариялап, құрмет пен жеке шекара ұғымы туралы өз пікірін бөлісе алады.
Айта кетейік, науқан наурыз айының 10-ына дейін жалғасады.
Астанада зорлық-зомбылық көрген әйелдер мен балаларға қолдау көрсетілді