Тағайындау • 02 Ақпан, 2026

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі тағайындалды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бахтияр Абайұлы Мұхаметқалиев Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі тағайындалды

Айта кетейік, Бахтияр Абайұлы 1990 жылы 1 шілдеде Алматы облысы Бостандық ауданында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2010 жылы Алматы қаласында «Қазпошта» АҚ-да бас маман болып бастаған.  

2010-2020 жылдар аралығында «Қазпошта» АҚ-да бас маманнан АТ-инфрақұрылым жөніндегі атқарушы директор және E-commerce департаментінің директорына дейін түрлі қызметтер атқарған. 

2021-2022 жж –  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ басқарушы директоры.

2022-2023 жж –  Премьер-министр Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі. 

2023-2025 жж – ҚР Үкіметі Аппаратының Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі. 

2025 жылдың мамыр айынан қазіргі күнге дейін – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры. 

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37