Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы өз сөзінде еліміздің цифрлы даму бағытын атап өтіп, волонтерлік қызметте жаңа технологияларды пайдаланудың маңыздылығын қадап айтты.
«Волонтерлік қызметте жаңа технологияларды кеңінен пайдалану керек. Мен Жолдауымда Қазақстан үш жыл ішінде толық цифрлы ел болуға тиіс деген міндет қойдым. Соған сәйкес нақты жұмыс істеліп жатыр. Ел өмірінің барлық саласына озық технология тәсілдері, әсіресе, жасанды интеллект жүйесі енгізіле бастады. Еріктілер қозғалысы да бұл жұмыстан шет қалмауы керек. Мен волонтердің цифрлы паспортын жасау туралы ұсынысты толық қолдаймын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі. Президент өз сөзінде ерікті болу – Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу екенін атап өтті.