Әлем • 30 Қаңтар, 2026

Киев пен Мәскеу ішінара атысты тоқтату туралы келісімге келді

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен ішінара бітім жасалғанын мәлімдеді. Бүгін ол Украина мен Ресей арасында энергетикалық нысандарға қатысты уақытша бітім туралы келісімге қол жеткізілгенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Киев пен Мәскеу ішінара атысты тоқтату туралы келісімге келді

Келісім Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен келіссөздер барысында жасалған.

Украина президентінің сөзінше, Киев пен Мәскеу қатты аяз кезінде энергетикалық инфрақұрылымға шабуыл жасамау жөнінде уағдаласқан. Бұған дейін АҚШ президенті Ресей президенті Владимир Путиннен бір аптаға Украина аумағына соққы беруді тоқтату жөнінде келісім алғанын мәлімдеген болатын.

Украинаға қауіпсіздік кепілдіктері беріле ме?

Кремль бұл мәлімдемені ресми түрде растаған жоқ, жоққа да шығармады. Алайда ресейлік әскери тілшілер энергетикалық бітімге қол жеткізілгенін хабарлады. Зеленскийдің айтуынша, келісімнің шынымен орындалған-орындалмағанын алдағы бірнеше күнде анық көруге болады.

«Энергетикаға соққы жасауды тоқтатуға бағытталған күш-жігері үшін Америкаға алғыс айтамын. АҚШ бұл мәселені ілгерілете алады деп үміттенеміз. Бүгін кешке және алдағы күндері энергетикалық нысандарымыз бен қалаларымыздағы нақты жағдай келісімнің қалай орындалып жатқанын көрсетеді», деп жазды Зеленский өзінің Telegram-арнасында.

Ресей үш жылда Украина аумағының қанша бөлігін басып алды?

Соңғы жаңалықтар