Қоғам • 26 Қаңтар, 2026

Айдарбек Қожаназаров: Конституциялық реформа – жас ұрпаққа бағыт, экономикаға серпін

40 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Конституциялық реформалар мемлекеттің тиімділігін арттырып қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға жаңа мүмкіндіктер ашады. 26 қаңтарда өткен Конституциялық комиссияның үшінші отырысында осы тақырыпқа арнайы тоқталған «Respublica» партиясының атынан сөз сөйлеген депутат Айдарбек Қожаназаров реформалардың стратегиялық маңызын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айдарбек Қожаназаров: Конституциялық реформа – жас ұрпаққа бағыт, экономикаға серпін

Фото: Мәжіліс (архив)

Оның айтуынша, институттардың нығаюы, құқық үстемдігінің орнығуы және нормативтік иерархияның айқындалуы мемлекеттік басқарудың сапасын арттырып, биліктің орнықтылығын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде ел дамуына берік негіз қалайды.

«Экономика институттар нығайған, құқық үстемдігі орнаған, нормативтік иерархия айқын болған жерде және мемлекеттік басқару мәдениеті ережелер мен рәсімдерге негізделген жағдайда дамиды», деді депутат.

Асхат Рахимжанов: Конституциялық реформа – бұл қоғамның нақты сұраныстарына жауап

Айдарбек Қожаназаров 2019 жылдан бері Қазақстанда институционалдық кемелдікке бағытталған жүйелі өзгерістер жүзеге асып келе жатқанын еске салды. Осы кезеңде саяси жүйе жаңғыртылып, азаматтардың саяси өмірге қатысу тетіктері кеңейді, партиялар мен азаматтық қоғамның ықпалы артты. Конституциялық реформа – осы бастамалардың заңды әрі қисынды жалғасы.

Депутаттың пікірінше, ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттің даму бағытының алдын ала ойластырылғанын және жүйелі түрде іске асырылып жатқанын көрсетеді.

«Конституциялық реформа – бұл ел дамуының алдын ала белгіленген бағытының қисынды жалғасы. Оның негізділігі мемлекеттік жүйедегі сенімнің, жауапкершіліктің және жеделдіктің артуынан көрінеді», деді ол.

Серік Егізбаев экологиялық құндылықтарды Ата заңда ұлттық басымдық деп бекітуді ұсынды

Сонымен қатар Айдарбек Қожаназаров қоғамдық диалогтың маңызына ерекше тоқталды. Халық кеңесі тетігі азаматтар мен билік арасындағы тұрақты кері байланыс алаңы ретінде қалыптасып келеді. Бұл механизм қоғамның өзекті мәселелерін ашық талқылауға және шешім қабылдау үдерісіне халықтың кеңінен қатысуына жол ашады.

Депутаттың айтуынша, конституциялық өзгерістер ең алдымен жас буынның болашағына бағдарланған. Реформа экономиканы, кәсіпкерлікті және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға қолайлы орта қалыптастырады.

«Әрқайсымыздың елдегі өзгерістерді талқылауға, маңызды қоғамдық мәселелер бойынша пікір айтуға және қабылданатын шешімдерге үн қосуға мүмкіндігіміз бар екенін жоғары бағалаймыз. Әділетті Қазақстанды құру – баршамызға ортақ жауапкершілік», деп түйіндеді А.Қожаназаров.

Осылайша, конституциялық реформа саяси жаңғыруды тереңдетіп, экономикалық өсімге серпін беретін, қоғам мен билік арасындағы сенімді күшейтетін маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.

М.Магеррамов: «Заң мен Тәртіп» – әділетті қоғамның берік тұғыры

 

Соңғы жаңалықтар

Болашаққа бағдарланған құжат

Реформа • Бүгін, 09:10

Мұқағалидың батасы

Тұлға • Бүгін, 09:05

Құнарлы өнімге сұраныс жоғары

Экономика • Бүгін, 08:55

Автобус паркі жаңартылды

Аймақтар • Бүгін, 08:48