Әлем • 25 Қаңтар, 2026

Германия АҚШ-тағы алтын қорын елге қайтаруды көздеп отыр

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германия АҚШ аумағында сақтаулы жатқан мемлекеттік алтын қорын елге қайтаруды жоспарлап отыр. Мұндай шешім геосаяси тұрақсыздықтың артуы мен Еуроодақ тарапынан Дональд Трамптың саясатына деген сенімсіздіктің күшеюі аясында туындап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Германия АҚШ-тағы алтын қорын елге қайтаруды көздеп отыр

Еуропарламенттің қорғаныс комитетінің төрағасы Мари-Агнес Штрак-Циммерманның мәлімдеуінше, АҚШ-тағы неміс алтыны Вашингтонмен келіспеушілік туындаған жағдайда Берлинге қысым көрсету құралына айналуы мүмкін. Қазіргі уақытта АҚШ қоймаларында Германияның 1 200 тоннадан астам алтыны сақтаулы тұр, оның жалпы құны шамамен 164 млрд еуроны құрайды.

Алтын бағасы рекорд жаңартты: Қазақстандағы ахуал қандай?

Германияның жалпы алтын қорының орналасуы төмендегідей:

  • 37% – Нью-Йорктегі Федералды резервтік жүйеде;
  • 12% – Лондондағы Англия банк;
  • 33% – Франкфурт-на-Майне қаласында (Германия).

Бұған дейін бағалы металдарды шетелдік беделді орталық банктерде сақтау ұрлықтан немесе жергілікті әскери қақтығыстардан қорғанудың ең сенімді жолы саналып келген болатын. 

20 күнде 4,2 млрд доллар табыс: Алтын бағасының өсуі ел резервіне қалай әсер етті?

Соңғы жаңалықтар