Фото: freepik.com
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары дереу оқиға орнына келіп, арнайы лифт кілті арқылы есікті ашып, барлығын қауіпсіз жерге шығарды. Қызметкерлердің әрекеті нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ.
ТЖМ лифт ішінде қамалып қалған жағдайда сақталуы тиіс негізгі ережелерді еске салады:
- Сабыр сақтап, басқаларды да тыныштандыруға тырысыңыз;
- Кабинадағы байланыс батырмасы арқылы диспетчерге хабарласыңыз;
- Барлық батырмаларды бірінен соң бірін баспаңыз – бұл жағдайды ушықтыруы мүмкін;
- Есікті өз бетіңізше ашуға немесе төбеден шығуға тырыспаңыз;
- Қолжетімді байланыс құралдарын қолданыңыз: шақыру батырмасы немесе мобильді телефон (сигнал болса).
Астанада құтқарушылар лифтіде қалып қойған әйелді шығарып алды