Фото: Oqu-agartu ministrligi
Колледждің серіктесі
Аталған колледждің серіктесі – ауыл шаруашылығы саласындағы Францияның жетекші оқу орындарының бірі Agricampus Castelnaudary.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Еуропалық оқу орындарымен тәжірибе алмасу заманауи білім беру технологияларын енгізуге және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда жаңа мүмкіндіктер ашады. Ынтымақтастық шеңберінде еуропалық озық оқыту әдістемелерін енгізу, агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру мен автоматтандыру саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және студенттердің біліктілігін арттыру көзделген.
FASEP бағдарламасы жаңа мүмкіндіктер ашады
FASEP бағдарламасы колледжге даму үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, озық технологияларға қол жеткізуге және студенттердің әлемдік кәсіби қауымдастыққа интеграциялануына жағдай жасайды. Бұл − кәсіби білім беруді жаңғырту мен Қазақстанның аграрлық саласының кадрлық әлеуетін дамыту жолындағы маңызды қадам.
170 меморандум
2025 жылы елімізде техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде 170 меморандумға қол қойылды.
Алматы облысының колледждері Қытай, Еуропа және Азия елдерімен ынтымақтастық орнатты