Қазақстан • 22 Қаңтар, 2026

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін жарна төлеген жоқ

33 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне миллиардтаған жарна төлемей-ақ кірген. Ақордада атап өтілгендей, Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін мемлекеттің тәуелсіз шешімі ғана қажет. Кеңеске кірген сәттен бастап мемлекеттің ондағы мүшелік мерзімі 3 жылды құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін жарна төлеген жоқ

Фото: Ақорда

Ақордада жарғыда көрсетілген 1 миллиард доллар көлеміндегі ерікті жарна мүшелікке қойылатын міндетті талап емес екені түсіндірілді. Бұл – әрбір қатысушы мемлекеттің өз еркі. Егер мұндай жарна алғашқы жылдың ішінде төленсе, мемлекетке Бейбітшілік кеңесіндегі мүшелік мерзімін белгіленген 3 жылдан асырып ұзарту мүмкіндігі беріледі.

Президент Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

«Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне ешқандай қаржылық жарна енгізбестен қосылды, бұл жарғы талаптарына толық сәйкес келеді», деп атап өтті Ақорданың баспасөз қызметі.

Бейбітшілік кеңесі БҰҰ-ға балама құрылымға айналуы мүмкін бе?

Соңғы жаңалықтар

Болашаққа бағдарланған құжат

Реформа • Бүгін, 09:10

Мұқағалидың батасы

Тұлға • Бүгін, 09:05

Құнарлы өнімге сұраныс жоғары

Экономика • Бүгін, 08:55

Автобус паркі жаңартылды

Аймақтар • Бүгін, 08:48