Спорт • 21 Қаңтар, 2026

Азия додасы: Қазақстан мергендері тағы бір алтын медаль иеленді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасы стенд атудан Дохада (Қатар) өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бірнеше жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Азия додасы: Қазақстан мергендері тағы бір алтын медаль иеленді

Фото: ASC

Элеонора Ибрагимова, Анастасия Прилепина, Наргиза Сарманова ел қоржынына алтын медальді салды. Олар үздік нәтижені – «трап» бағдарламасында көрсетті.

Сонымен қатар, «трап» дисциплинасында отандық мергендер жекелей сында нәтиже көрсетті. Максим Бедарев пен Элеонора Ибрагимова күміс жүлде иеленді.

Мергендеріміз Азия додасында 5 медаль жеңіп алды

Айта кетейік, бұған дейін ұлттық құрама «скит» түрінен 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алған.

Соңғы жаңалықтар