Елорда • 20 Қаңтар, 2026

Астанадағы бұқаралық шаңғы жарысына қалай қатысуға болады?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 24 қаңтар күні бұқаралық шаңғы жарысы ұйымдастырылады. Қала әкімдігі жарыс сағат 10:00-де Орталық саябақтағы шаңғыроллер жолында басталатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астанадағы бұқаралық шаңғы жарысына қалай қатысуға болады?

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Іс-шара аясында қол күресі, гір тасын көтеру, арқан тартыс және белбеу күресі бойынша да сайыстар ұйымдастырылады. 

«Бұл жарыс дәстүрлі спорттық іс-шараға айналды. Негізгі бәсеке – шаңғы жарысы. Ол 16 жас ерекшелік санаты бойынша қыздар мен ұлдар арасында өткізіледі. Қашықтықтар 500 метрден бастап 1 және 2,5 шақырымға дейін белгіленген. Қатысушыларды тіркеу сағат 10:00-де басталып, старт белгісі 11:00-де беріледі. Барлық жарысқа қатысу тегін», деді қалалық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Бұқаралық спортты дамытудың нақты қадамдары

Спорттық доданың өтуіне Астана қаласы әкімдігі мен қалалық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясы ұйытқы болып отыр.

Айта кетейік, Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бүгінде халықтың 40,4 пайызы, яғни 8 406 213-тен астам адам тұрақты түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады.

Бұқаралық спортқа да бап қажет

Соңғы жаңалықтар