Фото: Ашық дереккөз
Полицияның мәліметінше, 2025 жылдың шілде айында 67 жастағы зейнеткердің телефонына «Сізге алаяқтық әрекеттер жасалып жатыр» деген хабарлама келіп түседі. Кейін әлдебір қыз хабарласып, әжейді баспанасын тез арада сатып, ақшасын «қауіпсіз есепшотқа» аударуға көндірген.
Алматыда ер адам мешітте намаз уақытында ұрлық жасаған
«Одан соң қаскүнемдер оған тағы хабарласып, атына біреулер несие алғалы жатқанын, оны жою үшін өзге несиені ресімдеу керек екенін айтқан. Осылайша алаяқтар зейнеткерге бір демде үйін сатқызып, депозиттегі ақшасын шешкізіп, ең соңы несие алғызған. Жалпы сомасы 36 млн теңгеден астам соманы өзге шотқа аудартқызған», деп хабарлады өңірлік полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.
Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізіп жатыр.
Қол-аяғын байлап, үйін тінтіген: Қарақшылар әйелдің 30 млн теңгесін қолды қылды
Павлодар облысы