Аймақтар • 18 Қаңтар, 2026

Жамбыл облысында жоғалып кеткен әйел адам аман-есен табылды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында малшыға көмектесу үшін үйінен шығып, сол күйі жоғалып кеткен әйел адам табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында жоғалып кеткен әйел адам аман-есен табылды

ТЖМ хабарлауынша, Шу ауданында Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары кеше кешке малшыға көмектесу үшін шығып, хабарсыз кеткен әйел адамды іздеу бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді.

Атырау облысында жоғалып кеткен отбасы: марқұм әйелдің соңғы аудиожазбасына қатысты жаңа дерек шықты

Іздестіру жұмыстары барысында құтқарушылар, арнайы техника, кинологиялық есептоп және ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.

− Бүгін таңертең жоғалған азаматша көрші қожалықтың аумағынан табылды. Жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмады, − делінген хабарламада.

Ресейдегі зауыттан екі Қазақстан азаматының мәйіті табылды

Соңғы жаңалықтар