Сотта айыпталушының кінәсі куәгерлердің түсініктемелері, аудио-бейне материалдар мен сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденген.
Түркістан облыстық соты қарияға көрсетілген зәбір мен соққылардың оның өліміне тікелей байланысы жоқ екенін хабарлап отыр.
Алмас Садақбаев сот барысында айыбын мойындаған. Ал мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 6 жыл 2 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.
Істі жүргізген судья айыпталушының бұрын сотты болмағанын, кәмелетке толмаған балаларының барын және әрекетін мойындап, өкініш білдіргенін ескеріп, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, айыпталушы былтыр тамыз айының өзінде әкесіне 3 рет физикалық күш қолданып, аса қатыгездікпен денсаулығына зиян келтірген. Қария көп ұзамай 2025 жылдың 2-нен 3-ші қыркүйегіне қараған түні көз жұмған.