Технология • 15 Қаңтар, 2026

Дін бағытындағы ЖИ: Елімізде «Imam AI» мобильді қосымшасы іске қосылатын болды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, сенімді дереккөздерге сүйеніп, діни сұрақтарға лезде жауап беретін «Imam AI» мобильді қосымшасын әзірлеп іске қоспақ. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2026 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Дін бағытындағы ЖИ: Елімізде «Imam AI» мобильді қосымшасы іске қосылатын болды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы заман талабына сай жасанды интеллект мүмкіндіктерін діни салада жүйелі түрде енгізуді қолға алмақ. 

Діни басқарма жанынан Ислам қаржысы секторы ашылады

Осы бағытта халықтың діни сұрақтарына жедел әрі сенімді жауап беріп, дін қызметкерлерінің жүктемесін азайту үшін «Imam AI» мобильді қосымшасын әзірлеуді жоспарлап отыр.

«Мұндай қосымша халықтың күнделікті өмірде туындайтын діни сұрақтарына лезде жауап алуға, ең бастысы сенімді, тексерілген дереккөздерге негізделген дұрыс мәліметке қол жеткізуге мүмкіндік береді», деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылға арналған діни мерекелер кестесін жариялады.

 

Соңғы жаңалықтар

Болашаққа бағдарланған құжат

Реформа • Бүгін, 09:10

Мұқағалидың батасы

Тұлға • Бүгін, 09:05