Аймақтар • 15 Қаңтар, 2026

Қарағандыда жүргізуші көлігінен ақбөкеннің өлексесі табылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Қарағандыда жүргізуші көлігінен ақбөкеннің өлексесі табылды

Облыстық табиғат қорғау полициясы мен патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жексенбі күні таңертең бірлескен рейд барысында автокөлікті тоқтатқан. Көлік құралын тексеру кезінде жүк салғыштан ақбөкеннің өлексесі табылған.

Қостанай облысында «Ақбөкен» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

Көлік тізгінінде болған Қызылорда облысының 35 жастағы тұрғыны жануарды Жезқазған қаласынан шамамен 30 шақырым қашықтықта орналасқан автожолда қағып кеткенін мәлімдеген. 

Қарағанды және Павлодар облыстарында заңсыз ақбөкен аулағандар ұсталды

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу барысында бұл жағдайдың жол-көлік оқиғасы салдарынан болғаны немесе заңсыз аң аулауға қатысы бар-жоғы жан-жақты тексеріліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Соңғы жаңалықтар